Артқа

Комплаенс

Ең үздік болуға ұмтыламыз

Біздің компания комплаенс және іскерлік мінез-құлықтың этикалық нормаларын қоса алғанда, барлық жағынан ең жақсы болуға ұмтылады. Миссиямызға сүйене отырып, тұтынушылар алдындағы жауапкершілігімізді сезінеміз, сондықтан адал және ақ ниетті жұмыс мәселелерінде ымыраға бармаймыз.

Біз Тәртіп кодексінде бекітілген заңнама талаптары мен құндылықтарымызды қатаң басшылыққа аламыз. Этикалық және жауапты іскерлік тәртіп – бұл қызметіміздің ажырамас бөлігі, ол біздің компанияға деген сенімді нығайтуға негіз болады.

Шұғыл байланыс желіміз

Әрбір адам компанияда жұмыс істейтініне немесе жұмыс істемейтініне қарамастан, компания қызметкерлерінің, оның жеткізушілері мен мердігерлерінің әдепсіз және заңсыз әрекеттері туралы хабарлау мүмкіндігіне ие болуы керек деп санаймыз.

Ол үшін STADA компаниялар тобында кез келген адамға комплаенс нормаларын сақтамау жағдайлары мен фактілері туралы хабарлама жіберуге мүмкіндік беретін ақпараттандыру жүйесі – «шұғыл байланыс желісі» енгізілген, атап айтқанда:

  • алаяқтық,
  • сыбайлас жемқорлық,
  • бәсекелестікті қорғау саласындағы бұзушылықтар (монополияға қарсы талаптар),
  • мүдделер қақтығысы

Егер осындай заңсыз әрекеттер туралы білсеңіз, «шұғыл байланыс желімізге» жазыңыз eurasia_compliance@stada.kz .

STADA компаниялар тобы «шұғыл байланыс желісіне» келіп түскен ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді.

eo