STADA AG 1895 жылы Дрезден қаласында дәрі-дәрмектерді әзірлеу және өндірумен айналысатын фармацевтер кооперативі ретінде құрылды. Компанияның атауы St.d.A - Standard Arzneimittel die Deutscher Apotheke деген аббревиатура болып табылады, бұл қазақ тіліне аударғанда «Неміс дәріханалары препараттарының стандарты» дегенді білдіреді.
Бүгінгі таңда STADA өнімдері әлемнің 120 елінде, соның ішінде Қазақстанда және Еуразияның басқа елдерінде ұсынылған.
STADA бизнесінің негізгі бағыттары — Consumer Healthcare сегменті және мамандандырылған препараттарды қоса алғанда, дженериктер. Компания бүкіл әлемде осы салаларда өз бизнесін органикалық түрде және сатып алу арқылы кеңейтуді жалғастыруда.
STADA тобына бүкіл әлем бойынша 20-дан астам өндірістік алаң кіреді.
STADA – бұл үлкен қоржыны бар компания. Қазақстанда дәстүрлі неміс сапасының жоғары стандарттарына сәйкес келетін 120-ден астам өнімі бар.