Бөлімдерге келтірілген тікелей сілтемелер тізімі:4>
2.1. Терминдер мен анықтамалар
2.2. Компания өңдейтін дербес деректер
2.3. Дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттары
2.4. Дербес деректерді өңдеу шарттары және оларды үшінші тұлғаларға беру
2.5. Дербес деректерді өзгерту
2.6. Дербес деректер субъектілерінің құқықтары
2.7. Дербес деректерді қорғау үшін қолданылатын шаралар
2.8. Саясатты өзгерту, қолданылатын заңнама
2.9. Оператор туралы ақпарат, кері байланыс
1. АРНАЛУЫ
Осы Дербес деректерді өңдеуге қатысты саясат (бұдан әрі — Саясат) Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V заңының 5-бабына сәйкес құрастырылған және «Нижфарм-Қазақстан» еншілес ұйымы" ЖШС (бұдан әрі — «Компания») өңдейтін барлық дербес деректерге (бұдан әрі — ДД) және дербес деректерді өңдеуге қатысатын Компанияның барлық қызметкерлеріне қатысты қолданылады.
Осы саясат келесіні анықтайды:
- Компания өңдейтін дербес деректер санаттары;
- Компанияның дербес деректерді өңдеудің мақсаттары, тәсілдері мен қағидаттары;
- Компанияның дербес деректерді өңдеу кезіндегі құқықтары мен міндеттері;
- дербес деректер субъектілерінің құқықтары;
- дербес деректерді өңдеу кезіндегі қауіпсіздік шараларының тізбесі.
2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1. Терминдер мен анықтамалар
Бұл Саясатта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
- Дербес деректер — тікелей немесе жанама түрде айқындалған немесе айқындалатын жеке тұлғаға (ДД субъектісіне) қатысты кез келген ақпарат.
- Дербес деректерді өңдеу — ДД жинауды, жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), алып шығаруды, пайдалануды, беруді (таратуды, ұсынуды, қол жеткізуді), иесіздендіруді, бұғаттауды, жоюды қоса алғанда, автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды ДД-мен бірге пайдаланбай-ақ жасалатын кез келген әрекет (операция) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығы.
- Дербес деректердің ақпараттық жүйесі — дерекқордағы дербес деректердің және оларды өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдардың жиынтығы.
2.2. Компания өңдейтін дербес деректер
Компания келесі ДД-ді өңдейді:
- Қызметкерлердің ДД-і;
- Ізденушілердің ДД-і;
- Бос лауазымға үміттенушілердің ДД-і;
- Контрагенттердің ДД-і;
- Қызметкерлердің жақын туыстарының ДД-і;
- Келушілердің ДД-і;
- Дәрігерлердің ДД-і;
- Фармацевтердің ДД-і;
- Жазылушылардың ДД-і.
2.3. Дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттары
Компания еңбек шарттары мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды жасасу және орындау, кадрлық есепке алу, персоналды іріктеу, қызметкерлерді жұмысқа орналастыруға, оқытуға және қызмет бойынша жоғарылатуға жәрдемдесу, еңбекке ақы төлеу, дайын дәрілік заттарды, парфюмерлік өнеркәсіп бұйымдарын өткізу және Компания Жарғысында көзделген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру мақсатында ДД-ді жинайды және өңдейді.
2.4. Дербес деректерді өңдеу шарттары және оларды үшінші тұлғаларға беру
ДД өңдеу кезінде Компания ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық Кодексін, ҚР Отбасы Кодексін, ҚР Еңбек Кодексін, ҚР Салық кодексін, ҚР-ның «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V заңын, Компания Жарғысын және осы Саясатты басшылыққа алады.
Компания Дербес деректер субъектілерінің деректерін ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда үшінші тұлғаларға беруге құқылы.
2.5. Дербес деректерді өзгерту
омпания ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес Компанияның дербес деректерінің ақпараттық жүйелерінде орналасқан ДД-ді толықтыруға, өзгертуге, бұғаттауға немесе жоюға құқылы.
2.6. Дербес деректер субъектілерінің құқықтары
Өзінің дербес деректерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында дербес деректер субъектісі қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен келесіге құқылы:
- өзінің дербес деректері және осы деректерді өңдеу (соның ішінде автоматтандырылған түрде) туралы толық ақпарат алу;
- заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің дербес деректеріне тегін қол жеткізуді жүзеге асыру;
- қате немесе толық емес дербес деректерді, сондай-ақ заңнаманы бұза отырып өңделетін деректерді алып тастауды немесе түзетуді талап ету;
- дербес деректерді өңдеу және қорғау кезінде Компанияның кез келген заңсыз әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне сотта шағым келтіру.
2.7. Дербес деректерді қорғау үшін қолданылатын шаралар
Компания ДД-ді заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ үшінші тұлғалар тарапынан өзге де заңсыз әрекеттерден қорғау үшін қажетті және жеткілікті шаралар қолданады.
2.8. Саясатты өзгерту, қолданылатын заңнама
Компания осы Саясатқа өзгерістер енгізуге құқылы. Өзгерістер енгізу кезінде Саясат тақырыбында редакцияның соңғы жаңартылған күні көрсетіледі. Саясаттың жаңа редакциясы, егер Саясаттың жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе, ол жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Қолданыстағы редакция Қазақстан Республикасы, 050043, Алматы қ., Хан-Тәңірі шағын ауданы, 55 «Б» үйі мекенжайы бойынша Компанияның атқарушы органының орналасқан жерінде сақталады
2.9. Оператор туралы ақпарат, кері байланыс
Атауы: «Нижфарм-Қазақстан» еншілес ұйымы" ЖШС
БСН: 051240004497
Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050043, Алматы қ., Хан-Тәңірі шағын ауданы, 55 «Б» үй
Электрондық пошта мекенжайы: PersonalData@stada.ru
Байланыс телефоны: +7(831)278-80-88