Randstad Employer Brand Research халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша STADA компаниясы Қазақстандағы «Денсаулық сақтау» саласындағы ең тартымды жұмыс берушілердің үштігіне кірді.
Осы жылы Randstad Employer Brand Research зерттеуіне жалпы алғанда жаһандық экономиканың 80%-ын құрайтын 34 ел қатысты. Әр елде 18 жастан 65 жасқа дейінгі еңбекке қабілетті халықтың пікірін көрсететін үлгі қалыптасады, адамдар жұмысты қалай таңдайтыны, оны қаншалықты жиі ауыстыратыны, қайдан іздейтіні, соның негізінде қандай да бір жұмыс беруші компанияны таңдайтыны туралы сұрақтарға жауап береді.
STADA компаниясынан басқа, «Денсаулық сақтау» саласындағы Қазақстанның тартымды жұмыс берушілерінің үштігіне VIVA Pharm және Dr.Reddy’s кірді.
Қазақстандағы STADA қызметкерлерінің саны 160 адамды құрайды (2021 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша).