Артқа
Жаңалықтар

Тұрақты даму саласындағы жетістіктер туралы бірінші есеп

STADA тобы алғаш рет тұрақты даму туралы есепті (Sustainability report) жариялады. Құжат Жаһандық есеп беру бастамасының (GRI) стандарттарына толық сәйкестікте дайындалған және компанияның 2021 жылғы жетістіктерін қамтиды. Онда компанияның тұрақты кәсіпкерлік қызмет пен дамуды қамтамасыз ету, сондай-ақ адамдар мен олардың денсаулығына, экономика мен қоршаған ортаға оң жағынан әсер ету жолындағы жетістіктері көрсетілген.

Тұрақты даму және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік тақырыптары Ресейдегі қоғам мен бизнес үшін өзекті бола түсуде. Бедел институтының сарапшылары, компанияның беделін жоғары бағалау 40%-ға оның әлеуметтік жауапты компания ретінде қабылдануына байланысты деп санайды. STADA Health Report 2022 жаһандық зерттеуінің нәтижелері ресейліктердің экология мен өткір әлеуметтік мәселелерге бей-жай қарамайтындығын да анықтады. Осылайша, сауалнамаға қатысқан ресейліктердің 84%-ы судың сапасына, 85%-ы жаңа аурулардың пайда болуына алаңдайды, ал респонденттердің жартысынан көбі (55%) қоршаған ортаға жауапты тәсілдемені сақтай отырып жасалған қаптамасы бар тауарлар үшін көбірек төлеуге дайын.

STADA өз қызметкерлері, қоғамы және қоршаған ортасы үшін 125 жыл бойы жауап беруде. Жауапты қызмет, сондай-ақ әлеуметтік және экологиялық тұрақты басқару — ұзақ мерзімді табыстың негізі болып табылады. STADA-ның тұрақты даму идеяларын ұстануы біздің миссиямызбен — сенімді серіктес ретінде адамдардың денсаулығына қамқорлық жасаумен тығыз байланысты. Осы орайда, өңір тұрғындарын ықпалды дәрі-дәрмектердің кең түржинағымен қамтамасыз етумен қатар, біз өз денсаулығымызға қамқорлық жасау және қоршаған ортаны сақтау үшін шаралар қолдану мүмкіндіктері туралы қоғамның хабардарлығын арттыра отырып, ақпараттық-ағартушылық қызметке көп көңіл бөлеміз.

STADA өз қызметкерлері, қоғамы және қоршаған ортасы үшін 125 жыл бойы жауап беруде. Жауапты қызмет, сондай-ақ әлеуметтік және экологиялық тұрақты басқару — ұзақ мерзімді табыстың негізі болып табылады. STADA-ның тұрақты даму идеяларын ұстануы біздің миссиямызбен — сенімді серіктес ретінде адамдардың денсаулығына қамқорлық жасаумен тығыз байланысты. Осы орайда, өңір тұрғындарын ықпалды дәрі-дәрмектердің кең түржинағымен қамтамасыз етумен қатар, біз өз денсаулығымызға қамқорлық жасау және қоршаған ортаны сақтау үшін шаралар қолдану мүмкіндіктері туралы қоғамның хабардарлығын арттыра отырып, ақпараттық-ағартушылық қызметке көп көңіл бөлеміз.

Арминас Мацевичус Еуразия өңіріндегі STADA вице-президенті

STADA тобы 2021 жылы БҰҰ Жаһандық шартының қатысушысы болды. STADA тобы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) тізімінен бес басымдыққа қол жеткізу арқылы жаһандық тұрақты дамуға өз үлесін қосады.

3 ТДМ: ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ АМАНДЫҚ: STADA денсаулық сақтау саласындағы серіктес ретінде

STADA үшін тұрақты даму денсаулықты нығайтуды және амандық деңгейін арттыруды білдіреді. Бұл қағида STADA миссиясында көрініс табады және біз пациенттерге ұсынатын өнімдердің кең түржинағы арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, біз білім беру жұмысы шеңберінде ұсынатын өзекті ұсынымдар арқасында.

8 ТДМ ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ: STADA ең жақсы жұмыс берушілердің бірі ретінде

STADA қолайлы жұмыс ортасын жасайды және әділ еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді. STADA тобы гендерлік тиістілігіне, жасына, шығу тегіне, туыстық байланыстарына және т.б. қарамастан әркімнің мүмкіндіктері бірдей болатын, ал табыс кәсіби қызмет нәтижелерімен және команданың басқа мүшелерімен алқалы қарым-қатынаспен анықталатын тең команданы құруға тырысады. Компания, ұйымның тартымды жұмыс ортасын құрудағы және қызметкерлерге тек Ресейде ғана емес, жаһандық деңгейде де ерекше мүмкіндіктер берудегі еңбегін растайтын «Top Employer 2022» сертификатын алды.

9 ТДМ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ: өнім портфелін жетілдіру негізінде тұрақты даму

Пациенттердің денсаулығын нығайту мақсатында, STADA тобы өзінің өнім портфелін және өндіріс инфрақұрылымын дамыту үшін үнемі жұмыс істейді. Осы қызмет шеңберінде 11 елдегі барлық 20 өндірістік алаңшаға технологиялар трансфері мен бірегей өндірістік тәжірибеге, сондай-ақ өнімді жетілдіруге тұрақты инвестициялар құюға көп көңіл бөлінеді. 2021 жылғы 31 желтоқсанда STADA өнімдері 55-тен астам елде 160-тан астам белсенді фармацевтикалық субстанция мен тіркесімге қатысты 1900-ден астам тіркеу рәсімінен өтті.

12 ТДМ: ЖАУАПТЫ ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ӨНДІРІС: болашақтағы амандық үшін қазір жауапкершілікпен әрекет ету

STADA тобы экологиялық нормаларды қатаң сақтау және өзінің өндірістік процестерін үнемі жетілдіріп тұру арқылы қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді қысқартуға және азайтуға тырысады. 2021 жылы STADA тобы парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған стратегиялық экологиялық жобаны іске асыра бастады. Топ 2030 жылға қарай парниктік газдардың (ПГ) абсолютті шығарындыларын (1 және 2 санаттар) 2020 жылмен салыстырғанда 42%-ға шектеуді мақсат етіп қойды. 2020 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде STADA тобы ПГ шығарындыларын 13%-ға — 132 кт CO2-ден 115 кт CO2-ге дейін қысқартты, демек, белгіленген мерзімде қысқартудың жалпы мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізе алады.

17 ТДМ: ТҰРАҚТЫ ДАМУ МҮДДЕСІНДЕГІ СЕРІКТЕСТІК: STADA сенімді серіктес ретінде

STADA негізгі серіктестермен белсенді диалог жүргізеді және өз жұмысына бағытталған тұрақты даму мақсаттарына жету үшін жаңа серіктестіктер жасайды.

STADA тобының Тұрақты даму саласындағы қызметі туралы фактілер мен қорытындыларға жасалған толық шолумен есептің жаһандық нұсқасында танысуға болады.

eo