Артқа
Жаңалықтар

STADA Қазақстан Республикасы үшін дәрілік препаратты алғашқы болып белгіледі

STADA пилоттық жоба аясында Қазақстан Республикасының нарығы үшін сәйкестендіру құралдарымен таңбаланған өнімді шығарған алғашқы халықаралық фармацевтикалық компания болды 1.

Пилоттық жобаға қатысу үшін алғашқы дәрілік зат ретінде жергілікті қолдануға арналған Натальсид® гемостатикалық құралы (250 мг, 10 суппозиторий) таңдалды. Бұл препарат STADA халықаралық компаниялар тобына кіретін ресейлік "Нижфарм" АҚ алаңында өндіріледі.

Дәрілік препараттар қозғалысының мониторинг жүйесін енгізу фармацевтикалық нарықты ашық етуге мүмкіндік береді, бұл индустрияның адал қатысушылары үшін құнды. Адамдардың денсаулығына қамқорлық жасау – STADA үшін басымдық. Біз үшін халықты сапалы және тиімді препараттармен қамтамасыз ету және оны жалған әрі контрафактілік өнімдерден қорғау өте маңызды. Өйткені тіпті, сапасыз дәрілік препараты бар бір қаптаманың өзі пациенттің денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Арминас Мацевичус STADA-ның «Ресей және ТМД» өңіріндегі ТМД елдері бойынша директоры

Қазақстан Республикасында пилоттық жобаның белсенді кезеңі 2020 жылдың күзінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, «Қазақтелеком» АҚ жүйесінің операторы мен жетекші ұлттық және халықаралық фармацевтикалық компаниялардың қатысуымен басталды. Пилоттың мақсаты сәйкестендіру құралдарын жағудың жаңа технологиясын сынамадан өткізу, өндірілген өнім және оның нарықтағы қозғалысы туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен қадағалаудың орталықтандырылған ақпараттық жүйесіне (ТТҚ АЖ) беру болып табылады.

Дәрі-дәрмектердің заңсыз айналымы мемлекет пен бизнеске экономикалық зиян келтіреді, сондай-ақ халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан тауарларды таңбалау және қадағалау жобасы біз үшін өте маңызды. Таңбалауды енгізудің арқасында біз ресми нарықтың ұлғаюына, өндірушілер мен импорттаушылар үшін операциялық шығындардың төмендеуіне, сондай-ақ халық үшін дәрілік заттардың қауіпсіз нарығын қамтамасыз етуге үміт артамыз.

БИКЕШ ҚҰРМАНҒАЛИЕВА «Қазақтелеком»АҚ Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры

Жоба сәтті іске асырылған жағдайда ТТҚ АЖ Қазақстан Республикасы үшін өндірілетін барлық дәрілік препараттар және олардың өндіруші немесе импорттаушыдан бастап соңғы тұтынушыға дейінгі тауар өткізу тізбектеріндегі қозғалысы туралы мәліметтерді алады. Бұл деректерге мемлекеттік атқарушы билік органдары айналымды бақылау жөніндегі функцияларды орындау үшін, өндірушілер мен импорттаушылар — өз өнімдерінің жеткізу тізбектеріндегі қозғалысына және ең бастысы, тұтынушы нақты уақыт режимінде дәрілік препараттың жеке алынған қаптамасының түпнұсқа екеніне көз жеткізе алады.

Еуропалық нарықта және Ресейде 2D-кодтау технологиясын қолдану тәжірибесіне ие бола отырып, STADA басынан бастап Қазақстан Республикасындағы пилоттық жобаның белсенді қатысушысы болды. Жинақталған тәжірибе бізге Қазақстан үшін таңбаланған өнімді шығарған алғашқы халықаралық фармацевтикалық компания болуға мүмкіндік берді. Біздің бағалауымызға сәйкес, өнеркәсіптік ауқымда таңбаланған өнімді өндіру үшін STADA барлық алаңдарын екі жылдан астам уақыт дайындады, өйткені өндірістік қуаттарды жаңа жабдықпен жете жарақтандыру, ТТҚ АЖ-ға мәліметтерді беру үшін АТ-жүйесін әзірлеу және енгізу, дәрілік препараттардың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу қажет.

Алеш Рокавец «Ресей және ТМД» өңіріндегі STADA-ның техникалаық операциялар жөніндегі директоры

Өз өнімдерінің қозғалысы туралы деректерді алу өндірушілер мен импорттаушыларға өнімді өндіру мен нарыққа жеткізуді неғұрлым дәл жоспарлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, нақты уақыт режимінде өнімдердің қозғалысын бақылау мүмкіндігі маркетингтік іс-шаралардың тиімділігін дәл бағалауға және оларды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

1Пилоттық жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бекіткен дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі 12.03.2020.

STADA Arzneimittel AG туралы анықтама

STADA Arzneimittel AG штаб-пәтері Бад-Фильбеле қаласында (Германия) орналасқан. Компания екі бағытты дамытуға барынша көңіл бөледі: дженериктер және Consumer HealthCare (OTC) сегментінің өнімдері. Компания өнімдері 120 елде ұсынылған. 2019 қаржылық жылда STADA AG тобының түзетілген сатылымы 2 608,6 млн еуроға, EBITDA түзетілген кірісі 625,5 миллион еуроға жетті. 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша STADA-да бүкіл әлем бойынша 11 100 қызметкер жұмыс істеді.

Компанияның ресми сайты:: www.stada.com / www.stada.kz

eo