Артқа
Жаңалықтар

STADA тобы Қазақстандағы «Германия экономикасы күніне» белсенді қатысты

Биыл STADA тобы іс-шараның бас демеушісі болып, Қазақстан мен «Еуразия» өңірінің нарықтарына деген бейілділігін атап өтті. «Жаңа болмыс: Санкциялардың салдары және бизнес үшін перспективалар» негізгі сессиясы аясында компания жаһандық белгісіздік жағдайындағы өз тәжірибесімен және жетістіктерімен бөлісті.

Жыл сайынғы, қатарынан 24-ші «Қазақстандағы Германия экономикасы күні» конференциясы 2022 жылғы 6 қазанда Алматы қаласында өтті. Германия экономикасы күні — неміс және қазақстандық кәсіпорындар өкілдерінің қазақстандық министрліктер мен ұйымдардың өкілдерімен іскерлік байланыстарын орнатуға арналған дәстүрлі кездесу орны және тұғырнама. Конференцияның негізгі назары жаһандық ынтымақтастық мәселелеріне, екі елдің экономикалық қатынастары үшін ерекше маңызы бар негізгі тармақтар мен салаларға аударылған.

Еуразия өңіріндегі STADA коммуникациялар жөніндегі директоры Георгий Соустин өз сөзінде Орталық Азия мен Кавказ елдерінің халықаралық компаниялар бизнесіндегі өсіп келе жатқан рөлін атап өтіп, нәтижесінде кластерді Германиядағы бас кеңсеге тікелей бағыныштылыққа ауыстыру, сондай-ақ 2022 жылғы тамызда оның атауын «Еуразия» өңірі деп өзгерту туралы шешім қабылданды.

Бұл өңірге басқа негізгі нарықтармен бірдей корпоративтік ресурстарға, жобаларға және бюджеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді және өз кезегінде, бизнестің жылдам өсуін білдіреді.

Бұл өңірге басқа негізгі нарықтармен бірдей корпоративтік ресурстарға, жобаларға және бюджеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді және өз кезегінде, бизнестің жылдам өсуін білдіреді.

Георгий Соустин Еуразия өңіріндегі STADA коммуникациялар жөніндегі директоры

2022 ж. STADA тобы Қазақстанда 20 жыл жұмыс істеп келе жатқанын атап өтеді 2019–2020 жылдары Takeda және GSK портфельдерінің STADA өнімдер қоспасына кіріктірілуі компания бизнесінің айтарлықтай өсуіне ықпал етті — бүгінде STADA тобы Қазақстан нарығында дәрілік заттардың 150-ден астам атауын ұсынады. STADA тобы Consumer Healthcare сегментіндегі бөлшек сауда фармацевтикалық нарығындағы нөмірі бірінші компания болып табылады.

eo