Артқа
Новости

Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы жетекші еуропалық зерттеулердің нәтижелері ұсынылды

Нұр-Сұлтан қ., 2022 ж. 12 шілде. Бүгін STADA фармацевтикалық компаниясы Қазақстанда 15 елде өткізілген STADA Health Report 2022 атты төртінші жыл сайынғы халықаралық зерттеу нәтижелерін ұсынды. Баяндаманың тақырыбы – «Постковид дәуіріндегі адамдардың өз денсаулығына деген қамқорлығы».

Соңғы сегіз жыл ішінде STADA жыл сайын Еуропаның әртүрлі елдеріндегі адамдардың денсаулығына қатысты мәселелерді қарастыратын кеңейтілген Health Report шығарады. Биыл есепке алғаш рет Қазақстан қосылды.

Осы жылдар ішінде STADA Health Report Денсаулық сақтау саласындағы ең беделді және ауқымды еуропалық зерттеулердің бірі болды. Зерттеу денсаулық сақтау саласындағы мамандарға, журналистерге және қарапайым азаматтарға жаһандық және жергілікті бөлімдерде адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасы қалай өзгеретінін, өз елінің денсаулық сақтау жүйесін қалай бағалайтынын, осы салада қандай жаңа тенденциялар мен проблемалар пайда болғанын көруге көмектеседі.

Биыл зерттеуге 30 мыңнан аса адам қатысты. STADA барлық жағынан пайдалы ақпарат болып табылатын зерттеу нәтижелерін өз серіктестерімен, БАҚ өкілдерімен және мемлекеттік билік органдарымен тегін бөлісті.

STADA фармацевтикалық компаниясы Қазақстанда 2002 жылдан бастап жұмыс істейді. IQVIA мәліметтері бойынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша біздің компания нарықтағы Consumer Healthcare (рецептісіз құралдар, дәрумендер, ББҚ) сегментінде екінші орын алады. Біз нарықтағы жетекші орнымызды мақтан тұтып қана қоймаймыз, сондай-ақ саланы дамыту және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға үлес қосудағы өз жауапкершілігімізді сезінеміз. Нарықтың басқа қатысушыларымен және реттеушілермен бірге ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайту бойынша әрі қарай жұмыс істеу үшін бүгін төртінші ауқымды STADA Health Report зерттеуінің нәтижелерімен бөлісеміз, осылайша өз миссиямыз — адамдардың денсаулығына қамқорлық жасауды ұстанамыз

STADA фармацевтикалық компаниясы Қазақстанда 2002 жылдан бастап жұмыс істейді. IQVIA мәліметтері бойынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша біздің компания нарықтағы Consumer Healthcare (рецептісіз құралдар, дәрумендер, ББҚ) сегментінде екінші орын алады. Біз нарықтағы жетекші орнымызды мақтан тұтып қана қоймаймыз, сондай-ақ саланы дамыту және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға үлес қосудағы өз жауапкершілігімізді сезінеміз. Нарықтың басқа қатысушыларымен және реттеушілермен бірге ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайту бойынша әрі қарай жұмыс істеу үшін бүгін төртінші ауқымды STADA Health Report зерттеуінің нәтижелерімен бөлісеміз, осылайша өз миссиямыз — адамдардың денсаулығына қамқорлық жасауды ұстанамыз

Арминас Мацевичу STADA ТМД елдері жөніндегі директоры

STADA Health Report 2022 зерттеуінің кейбір деректері төменде келтірілген

61% қазақстандық ресми медицинаға сенеді

За два пандемийных года люди в белых халатах спасли множество жизней, и общество не могло этого не заметить. 61% опрошенных жителей Казахстана доверяют официальной медицине, то есть услугам, оказываемым в поликлиниках и стационарах.

Из тех жителей Казахстана, кто доверяет официальной медицине, 35% респондентов также перепроверяют информацию в Интернете. Еще 17% опрошенных признались, что хотят быть в курсе альтернативных методов лечения (например, гомеопатии и акупунктуры).

47% қазақстандық денсаулыққа қатысты мәселелерде ғалымдарға сенеді

Бұл зерттеулер қазақстандықтардың денсаулық мәселелерінде негізінен ғалымдарға сенім артатынын көрсетеді — бұл көрсеткіш 47%-ға жетті. Екінші орында — терапевтер (41%). Сенім деңгейі бойынша көшбасшылар үштігіне эпидемиологтар да (40%) кірді, ал Қазақстандағы респонденттердің әрбір үшіншісі фармацевтерге сенеді. Еуропалықтар жалпы тәжірибе дәрігерлеріне (65%) көбірек сенім артады, ал ғалымдарды рейтингте екінші орынға (61%) ауысқан. Үшінші орында 60% көрсеткішпен басқа медицина қызметкерлері (терапевт дәрігерден басқа), аурухана қызметкерлері және кіші медицина қызметкерлері тұр. Фармацевттердің ақпаратына еуропалықтардың 57%-ы сенеді.

58% қазақстандық пандемия кезінде ем алуға қатысты қиындықтарды бастан кешірді

Соңғы екі жыл ішінде әлемнің барлық елдерінің денсаулық сақтау жүйелері үлкен жүктемеге тап болды. Қазақстан респонденттерінің 58%-ы және сауалнама толтырған еуропалықтардың 57%-ы пандемия кезінде емделуде қиындықтарға тап болғанын атап өтті, бұл таңғаларлық жәйт емес. Қазақстандықтардың 30%-ы (Еуропа бойынша орташа көрсеткіш 22%) дәрігерге дер кезінде жазыла алмады. Қазақстанда сауалнамаға жауап бергендердің 28%-ы жеткізудегі іркілістерге байланысты дәріханадан қажетті дәрі-дәрмектерді таба алмағандарын нақтылады (Еуропа бойынша орташа көрсеткіш – 10%). Қазақстан тұрғындарының 12%-ы және Еуропа тұрғындарының 22%-ы жұқтырудан қорқып, дәрігерге баруды кейінге қалдырды немесе одан бас тартты. Қазақстандықтардың тағы 16%-ы қаржылық қиындықтарға байланысты дәрі-дәрмек сатып ала алмады. Ал мұндай қиындықты еуропалық сауалнамаға қатысушылардың тек 6%-ы бастан кешірді.

68% қазақстандық веб-камера арқылы дәрігерден кеңес алуды қолдайды

Пандемия кезінде адамдар арасындағы қашықтықтан байланыс қарқынды дамыды. Телемедицина жаһандық трендке айналуда. Мұны STADA Health Report зерттеуінің нәтижелері де растап отыр: Қазақстан тұрғындарының үштен екі бөлігі (68%) ауыр емес немесе қайталанған аурулар кезінде дәрігерден web-интерфейс арқылы кеңес алған. Бұл көрсеткіш орташа еуропалық көрсеткіштен (64%) асып түсті.

Онлайн-кеңес беруді қолдап пікір білдірген Қазақстан респонденттерінің 36%-ы уақытты үнемдеу үшін осындай нұсқаға келіседі. 32% мұндай кеңесті елестете алады, бірақ оның қажеттілігі науқастың нақты проблемасына байланысты болады деген пікірде. Қазақстан респонденттерінің тек 13%-ы ғана дәрігермен онлайн-кездесуді елестете алмайды, ал 19%-ы дәрігерден бетпе-бет кеңес алудың өте маңызды екенін мойындайды.

STADA Health Report туралы

STADA Health Report зерттеуі бастапқыда жергілікті зерттеу ретінде ойластырылған және денсаулық сақтау мәселелерінде Германия халқының хабардар болу деңгейін бағалауға бағытталған. 2018 жылы есеп алғаш рет халықаралық деңгейге шықты. 2022 жылы STADA компаниясы InSight Consulting зерттеу компаниясын тарта отырып, қайтадан халықаралық сауалнама жүргізді. Ол онлайн-сауалнама арқылы 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында 15 елде жүзеге асырылды: Австрия, Бельгия, Чехия, Франция, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Португалия, Сербия, Испания, Швейцария, Ұлыбритания, Румыния. Биылдан бастап Қазақстан тұрғындарының пікірі жалпыеуропалық қоғамдық пікір картасында өз орнын тапты. Әр елден 2000-ға жуық адамнан сауалнама алынды. Сауалнамаға қатысқан адамдардың жалпы саны — 18 жастан бастап 30 000 адам.

STADA Arzneimittel AG компаниясы туралы

STADA AG – халықаралық компаниялар тобы, Consumer Healthcare сегменті өнімдерінің, дженериктердің, мамандандырылған препараттардың ірі өндірушілерінің бірі. STADA AG штаб-пәтері Бад-Фильбель қаласында (Германия) орналасқан. STADA өнімдері 120 елде ұсынылған. Компаниялар тобының құрамында бүкіл әлемде 20-дан астам өндірістік алаңдар бар.

STADA Қазақстан нарығында 2002 жылдан бері жұмыс істейді. IQVIA мәліметтері бойынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ол нарықтың Consumer Healthcare сегментінде екінші орынды иеленді. Компанияның қазақстандық қоржыны өмірге қажеттілерін қоса алғанда, дәріханалық бөлшек саудада ең көп сатылатын 17 емдік топтан тұратын дәрілік заттарды қамтиды.

eo