Аквалор® беби (тамшылатқыш)
Аквалор® беби (тамшылатқыш)
Шығару формасы
15 мл
Пластик қақпақшамен тығыз тұмшаланып бұрандаланып жабылған пластикті тамшылатқыш-құты, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулығымен картон қорапшадағы.
Сипаттамасы
Мұрын қуысын шаю үшін балаларға арналған 15 мл
Құрамында консерванттар жоқ. Дәрілік зат болып табылмайды.
Мұрын қуысын шаю үшін балаларға арналған
Препараттың сипаттамасы
Техникалық және функционалдық сипаттамалары:
Параметрінің атауы | Сипаттамасы |
---|---|
Бұйымның сипаттамасы мен құрылғысы | Бұралатын пластик қақпақшамен тығыз тұмшаланып жабылған пластикті тамшылатқыш құты. |
Толтырылу көлемі | 15 мл |
Ішіндегісінің сипаттамасы | Теңіз суының NaCl изотониялық концентрациясы бар стерильді ерітіндісі болып табылатын әлсіз тұзды дәмі бар иіссіз мөлдір түссіз сұйықтық (100 мл құрамында 30-33 мл табиғи теңіз суы бар) |
Ішіндегісінің құрамы | табиғи теңіз суы, тазартылған су |
pH | 6,0 — 8,5 |
NaCl құрамы | 8 — 11 г/л |
Сақтау шарттары | Құрғақ және тікелей күн сәулесінен қорғалған жерде, 5 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек. |
Қолдану көрсетілімдері
Мұрын қуысын шаю үшін балаларға арналған
Шырышты шығару, бөліністерді азайту, қабыршықтарды жұмсарту мен шығаруға, мұрын қуысы шырышты қабығын ылғалдау үшін қолдануға арналған.
Мұрын мен мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығына жағымды әсер етеді, мұрын бітелуінің азаюына және мұрынмен тыныс алудың қалпына келуіне ықпал етеді.
Мұрын қуысын шаю үшін балаларға арналған
Қолдану шарттары: жекелей және медициналық мекемелер жағдайында қолдану үшін.
- Мұрын қуысының, мұрын маңы қойнауларының және мұрын-жұтқыншақтың жедел және созылмалы (инфекциялық, аллергиялық, атрофиялық) қабыну ауруларын:
- жедел және созылмалы риниттің (тұмауратудың)
- жедел және созылмалы синуситтердің (соның ішінде гаймориттің)
- жедел және созылмалы аденоидиттердің
- аллергиялық және вазомоторлы риниттердің
- субатрофиялық риниттердің (шырышты қабық құрғауының) алдын алу және кешенді емдеуде
Қарсы көрсетілімдері
Тамшылатқыш құтының ішіндегі компоненттеріне жекелей көтере алмаушылық
Қолдану тәсілі және дозасы
Медициналық бұйымды пайдаланар алдында тамшылатқыш құтының ұштығын этил спиртінің ерітіндісімен өңдеу керек.
Әрбір мұрын жолына күніне 4 рет 2 тамшыдан, қажет болғанда одан жиірек тамызу керек.
Гигиена мақсатында, сондай-ақ жедел, созылмалы инфекциялық және қабыну аурулары кезінде жай-күйді жеңілдету үшін әрбір мұрын жолына күніне 2-3 рет 1-2 тамшыдан тамызады.
Затының қолдану ұзақтығы мен жиілігі шектелмеген.
Сақтау шарттары
Тасымалдау шарттары
Көліктің осы түрінде қолданылатын тасымалдау ережесіне сәйкес жабық көлік құралдарының барлық түрімен 1 °С-ден 40 °С-ге дейінгі температурада тасымалданады.
Жарамдылық мерзімі
3 жыл. Құтыны ашқаннан кейін 45 күннің ішінде пайдалану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сату шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
YS LAB, Le Forum,
2 rue Felix Le Dantec,
QUIMPER 29000, Франция.
Қосымша ақпарат
Бұл медициналық бұйымның сапасы мен Франциядағы YS LAB компаниясының өндірістік қуаттары сапаның барлық халықаралық стандарттары үшін жауап береді, бұл ISO 13485 сертификатымен және бұйымға сәйкестік декларациясымен расталған.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан медициналық бұйым жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және медициналық бұйымның тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы және мекенжайы
ҚР-дағы «Нижфарм» АҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95
e-mail: almaty@stada.kz
Сілтемелер
Посмотрите наличие товара в аптеках Вашего города
Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.