Аквалор® беби (бүріккіш)
Аквалор® беби (бүріккіш)
Шығару формасы
125 мл
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулықпен мұрынға арналған анатомиялық қондырмамен және пластик қалпақшамен жарақтандырылған металл баллоны.
Сипаттамасы
Балалар мен ересектер үшін мұрын қуысына бүркуге және шаюға арналған зат келесі орындалу нұсқаларында:
Мұрын қуысы мен мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабығына жағымды әсер етеді, мұрынның бітелуін азайтуға және мұрынның тыныс алуын қалпына келтіруге көмектеседі. Теңіз суындағы тұздар шырышты сұйылтуға және шырышты қабықтың құтыша пішінді жасушаларында оның өндірісін қалыпқа келтіруге ықпал етеді. Тұз құрамындағы кальций мен магний иондары мұрын шырышты қабығының тербелмелі эпителий жасушаларының жұмысын едәуір жақсартады, шырыштың реологиялық қасиеттерін қалыпқа келтіреді, вирустар мен бактериялардың енуіне төзімділікті арттырады. Йод және натрий хлориді антисептикалық қасиеттерге ие. Мырыш пен селен иондары мұрын шырышты қабығының және мұрын маңы қойнаулардың жергілікті иммунитетін белсендіруге жағдай жасайды.
Мұрын қуысын затпен шайғаннан кейін мұрын қуысының шырышты қабығына қолданылатын дәрілердің емдік тиімділігі артады, тыныс алу ауруларының ұзақтығы қысқарады, мұрын маңы қойнаулар мен құлақ қуысына инфекцияның таралу қаупі төмендейді. Мұрын қуысы мен мұрын-жұтқыншақтан шырышты қабығының биоценозын бұзбай, кез-келген патогендерді (вирустық, бактериялық, зеңдер) жоюға көмектеседі.
Қолдану шарттары: жеке қолдану үшін және медициналық мекемелер жағдайында.
Зат 6 айдан асқан балалар мен ересектерге арналған.
Препараттың сипаттамасы
Техникалық және функционалдық сипаттамалары:
Параметрінің атауы | Сипаттамасы |
---|---|
Өнімнің сипаттамасы және құрылымы | «Аквалор ® беби» 125 мл орындалу нұсқаларында балалар мен ересектер үшін мұрын қуысына бүркуге және шаюға арналған зат — бұл «душ» шашырауын тудыратын, шектеулі сақинасы бар және полипропилен қалпақшасы бар мұрынға арналған полиэтилен анатомиялық ендірмесі бар қысыммен металл баллондағы аэрозоль. Баллонның ішіне арнайы бір жақты қақпақшамен жабдықталған төрт қабатты пакет орналастырылған. Ендірмеде аэрозоль қақпақшасының басылуын бақылауға арналған ұстатқыш бар. Дәрілік зат болып табылмайды. |
Толтыру көлемі | 125 мл |
Ішіндегісінің сипаттамасы | Иіссіз, мөлдір түссіз сұйықтық. |
Ішіндегісінің құрамы |
табиғи теңіз суы, тазартылған су Құрамында консерванттар жоқ. |
рН | 6,0 — 8,5 |
Қолдану көрсетілімдері
Зат шырышты кетіруге, мұрын бөліністерін азайтуға, қабыршақтарды жұмсартуға және кетіруге, мұрын қуысының шырышты қабығын ылғалдандыруға арналған.
Зат келесі мақсаттарда қолданылады:
- мұрын қуысының, мұрын маңы қойнауларның және мұрын-жұтқыншақтың жедел және созылмалы қабыну ауруларының (инфекциялық, аллергиялық, атрофиялық) профилактикасы және кешенді емдеу:
- жедел және созылмалы риниттер (тұмау)
- жедел және созылмалы синуситтер (оның ішінде гайморит)
- жедел және созылмалы аденоидиттер
- аллергиялық және вазомоторлы риниттер
- субатрофиялық риниттер (шырышты қабықтың құрғауы)
- респираторлық инфекциялардың (тұмау, ЖРВИ және басқалар) профилактикасы және кешенді емдеу
- мұрын қуысы және мұрын-жұтқыншақтың күнделікті гигиенасы
- мұрын қуысы мен мұрын маңы қойнауларына хирургиялық араласудан кейінгі жағдайлары профилактикасы және кешенді емдеу
Жүктілік кезінде және емшек емізу кезінде қолдану
Жүктілік және емшекпен емізу қарсы көрсетілімдер болып табылмайды.
Қолдану тәсілі және дозасы
Медициналық бұйымды пайдаланудың алдында анатомиялық қондырғыны қайнап тұрған сумен немесе этил спиртінің ерітіндісімен өңдеу керек
2 жасқа дейінгі балалар үшін:
Ерте жастағы балалардың мұрнын шаюды жатқызып қойып жүргізеді:
- баланың басын бір жағына бұру керек;
- баллоның ұштығын жоғары жағындағы мұрын жолына бірнеше секунд бойы салу, мұрын қуысын шаю;
- аспиратордың көмегімен шайғыш ерітіндінің қалдығын шығарып тастау, қажет болғанда ісшараны қайталау керек.
- Ісшараны басқа мұрын жолына қайталау керек.

2 жастан үлкен балалар мен ересектер үшін:
- басын бір жағына бұру керек;
- баллоның ұштығын жоғары жағындағы мұрын жолына бірнеше секунд бойы салып, мұрын қуысын шаю керек;
- усәбиден аспиратордың көмегімен шайғыш ерітіндінің қалдығын шығару/сіңбіру, қажет болғанда ісшараны қайталау керек.
- Ісшараны басқа мұрын жолына қайталау керек.

Сақтау шарттары
5 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қызудан сақтаңыз.
Тасымалдау
Көліктің осы түрінде қолданылатын тасымалдау ережесіне сәйкес жабық көлік құралдарының барлық түрімен 5 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада тасымалданады.
Жарамдылық мерзімі
3 жыл
Қаптамада көрсетілген күнге дейін пайдалану қажет. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сату шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Өндіруші ұйым / өндірістік алаң
ҚР-дағы «Нижфарм» АҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95
e-mail: almaty@stada.kz
Қосымша ақпарат
Өндіруші жарамдылық мерзімі ішінде өнімнің сапасына кепілдік береді.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан медициналық бұйымдар бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын, сондай-ақ медициналық бұйымның тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері
«ЕҰ «Нижфарм-Қазақстан» ЖШС
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95
e-mail: almaty@stada.kz
ТШ 32.50.50-008-00480081-2017
Сілтемелер
Посмотрите наличие товара в аптеках Вашего города
Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.