Артқа

Аквалор® экстра форте (бүріккіш)

Изделия медицинского назначения

Аквалор® экстра форте (бүріккіш)

Изделия медицинского назначения
Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.

Шығару формасы

50 мл, 125 мл

Мұрынға арналған анатомиялық қондырма және пластик қалпақшамен жабдықталған металл баллон медициналық бұйымды пайдалану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Құрамы

Баллоның ішіндегісі — түймедақтың әлсіз иісі, тұздың дәмі бар, теңіз суының стерильді ерітіндісі болып табылатын (100 мл құрамында 70-77 мл табиғи теңіз суы бар), NaCl және Алоэ вера (0,025 % ерітіндісі) мен Рим түймедағы (0,025 % ерітіндісі) экстрактісінің гипертониялық концентрациясындағы мөлдір түссіз сұйықтық болып табылады.

Сипаттамасы

Мұрын қуысын сулау және шаю үшін балалар мен ересектерге арналған «Алоэ вера мен Рим түймедағы бар Аквалор® экстра форте» 125 мл және «Алоэ вера мен Рим түймедағы бар Аквалор® экстра форте мини» 50 мл дәрісі «ағын» түріндегі бүріккішті мұрынға арналған анатомиялық қондырғысы мен пластик қалпақшасы бар металл баллондағы аэрозоль болып табылады.

Теңіз суының гипертониялық ерітіндісі осмостық қысымның әртүрлілігі есебінен жасушааралық кеңістіктен артық сұйықтықтың шығарылуы арқасында мұрын шырышты қабығы ісінуінің азаюын қамтамасыз етеді.

Алоэ вера мен Рим түймедағының экстрактісі қабынуға қарсы, антисептикалық және қалпына келтіретін әсер береді.

Құрамында консерванттар жоқ. Дәрілік зат емес.

2 жастан асқан балалар мен ересектерге арналған.

Препараттың сипаттамасы

Техникалық және функционалдық сипаттамалары:

Параметрінің атауы Сипаттамасы
Сипаттамасы мен бұйымның құрылғысы Қысымдағы металл баллондағы аэрозоль. Баллонның ішіне заты бар төрт қабатты пакет салынған, ол ішіндегінің кері ағуының алдын алу және айналадағы ауаның пакеттің ішіне түсуін болғызбау жолымен ішіндегінің стерильділігін сақтайтын арнайы бір жақты клапанмен жабдықталған.
Толтырылу көлемі 50 мл, 125 мл
Ішіндегісінің сипаттамасы Түймедақтың әлсіз иісі, тұздың дәмі бар, теңіз суының стерильді ерітіндісі болып табылатын (100 мл құрамында 70-77 мл табиғи теңіз суы бар), NaCl және Алоэ вера мен Рим түймедағы экстрактісінің гипертониялық концентрациясындағы мөлдір түссіз сұйықтық болып табылады.
Ішіндегісінің құрамы Табиғи теңіз суы, тазартылған су, Алоэ вера (0,025 % ерітінді) экстрактісі, Рим түймедағы экстрактісі (0,025 % ерітінді)
рН 6,0-8,5
Құрамы NaCl 19-23 г/л
Сақтау шарттары Құрғақ және тікелей түсетін күн сәулесінен қорғалған жерде 5 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Қолдану көрсетілімдері

Мұрын қуысын сулау және шаю үшін балалар мен ересектерге арналған «Алоэ вера мен Рим түймедағы бар Аквалор® экстра форте» 125 мл және «Алоэ вера мен Рим түймедағы бар Аквалор® экстра форте мини» 50 мл дәрісі суық тию ауруларының өршу кезеңінде мұрын қуысының, мұрын маңы қойнауларының және мұрын жұтқыншақтың жедел және созылмалы (инфекциялық, аллергиялық, атрофиялық) ауруларының профилактикасы және кешенді емдеу үшін қолданылады.

Шырышты шығарып тастауға, бөліністерді азайтуға, қабыршықтарды жұмсарту мен алып тастауға, мұрын шырышты қабығын ылғалдандыруға арналған.

Мұрын мен мұрын жұтқыншақ шырышты қабығына жағымды әсер етеді, мұрын бітелуінің азаюына және мұрынмен тыныс алудың қалпына келуіне ықпал етеді.

Мұрын қуысын сулау және шаю үшін балалар мен ересектерге арналған «Алоэ вера мен Рим түймедағы бар Аквалор® экстра форте» 125 мл және «Алоэ вера мен Рим түймедағы бар Аквалор® экстра форте мини» 50 мл дәрісі мұрын қуысын жуудан кейін мұрын шырышты қабығына жағатын дәрілердің емдік тиімділігі жоғарылайды, респираторлық аурулардың ұзақ сақталуы қысқарады, инфекцияның мұрын маңы қойнаулары мен құлақтың қуысына тарау қаупі төмендейді.

Қолданылу шарттары: медицина мекемелері жағдайларында да және жекелей де қолдануға арналған.

  • Мұрын қуысының, мұрын маңы қойнауларының және мұрын жұтқыншақтың жедел және созылмалы (инфекциялық, аллергиялық, атрофиялық) қабыну ауруларының профилактикасы және кешенді емдеу:
    • жедел және созылмалы риниттер (тұмау)
    • жедел және созылмалы синуситтер (соның ішінде, гайморит)
    • жедел және созылмалы аденоидиттер
    • аллергиялық және вазомоторлы риниттер
  • Респираторлық инфекциялардың (ЖРВИ және басқалар) профилактикасы және кешенді емдеу
  • Мұрын қуысы мен мұрын маңы қойнауларына хирургиялық араласуларынан кейінгі жағдай

Қолдану тәсілі және дозасы

Медициналық бұйымды пайдаланудың алдында анатомиялық қондырманы қайнаған сумен немесе этил спиртінің ерітіндісімен өңдеу керек.

  • басыңызды бір жағына қисайтыңыз;
  • баллонның ұшын үстіңгі жақта болатын мұрын жолына бірнеше секунд бойы салып мұрын жолын жуу керек;
  • жуғыш ерітіндінің қалдығын балада аспиратордың көмегімен алып тастау/сіңбіру керек, қажет болғанда емшараны қайталау керек.

Емшараны басқа мұрын жолында жүргізу керек.

Кері әсері

Баллонның ішіндегі компоненттерді жекелей көтере алмаушылық.

Сақтау шарттары

Құрғақ және тікелей түсетін күн сәулесінен қорғалған жерде 5 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Тасымалдау шарттары

Көліктің осы түріне қолданылатын тасымалдау ережесіне сәйкес жабық көліктің барлық түрімен 1 °С-ден 40 °С-ге дейінгі температурада тасымалданады.

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген күніне дейін пайдалану керек. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сату шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Aurena Laboratories AB
Fjärrviksvägen 22,
653 50 Karlstad, Швеция
тел.: +46 54 44 44 800
e-mail:contact@aurena.se

Қосымша ақпарат

Бұл медициналық бұйымның сапасы мен Aurena Laboratories AB, Швеция компаниясының өндірістік қуаты барлық халықаралық сапа стандартына сәйкес келеді бұл ISO 13485 сертификатымен және бұйымның сәйкестігіне декларациясымен расталған.

Қазақстан Республикасы аумағындағы өндірушінің уәкілетті өкілі

«Нижфарм» АҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95
e-mail: almaty@stada.kz

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан медициналық бұйымдар бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын, сондай-ақ медициналық бұйымның тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері

«Нижфарм» АҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95
e-mail: almaty@stada.kz

Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты шығару немесе соңғы қайта қарау туралы деректер: ХХ.ХХ.ХХХХ ж.

Сілтемелер

Посмотрите наличие товара в аптеках Вашего города

Карта Список
Далее

Басқа өнімдер

Аквалор® беби (бүріккіш)
Аквалор® беби (бүріккіш) Толық ақпарат алу
Аквалор® беби (тамшылатқыш)
Аквалор® беби (тамшылатқыш) Толық ақпарат алу
Аквалор® софт (бүріккіш)
Аквалор® софт (бүріккіш) Толық ақпарат алу
Аквалор® тамақ (бүріккіш)
Аквалор® тамақ (бүріккіш) Толық ақпарат алу

Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.

Өнім бойынша сұрақ қою
Аквалор® экстра форте (бүріккіш)

Все поля обязательны для заполнения

Сіздің хабарламаңыз жіберілді!
Рақмет!

Сообщить о наличии

Введите адрес электронной почты, чтобы узнать, когда препарат снова появится в наличии

Ваше сообщение отправлено!
Спасибо!

eo