Артқа
Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.

Сәйкестендіру және жіктеу

Тіркеу нөмірі
Өндірушінің спецификациясы, EN ISO 13485

Шығару формасы

50 мл, 125 мл

Тамаққа арналған анатомиялық қондырмамен жабдықталған металл баллон медициналық бұйымды қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Құрамы

Баллонның ішіндегісі — түймедақтың әлсіз иісі, тұзды дәмі бар, теңіз суының стерильді ерітіндісі болып табылатын (100 мл-де 70-77 мл табиғи теңіз суы бар), NaCl гипертониялық концентрациясымен және Алоэ вера (0,025 % ерітінді) және Рим түймедағы (0,025 % ерітінді) экстрактісі бар мөлдір түссіз сұйықтық.

Сипаттамасы

Балалар мен ересектерге арналған тамаққа бүрку және шаю құралы «Алоэ вера және Рим түймедағы қосылған тамаққа арналған шағын Аквалор®» 50 мл және «Алоэ вера және Рим түймедағы қосылған тамаққа арналған Аквалор®» 125 мл «душ» түріндегі бүріккіші бар тамаққа арналған анатомиялық қондырмасымен металл баллондағы аэрозоль болып табылады.

Теңіз суының гипертониялық ерітіндісі осмостық қысымның әртүрлілігі есебінен жасушааралық кеңістіктен артық сұйықтықты шығаруының арқасында ауыз және тамақ қуысының шырышты қабығының ісінуін азайтады. Алоэ вера және Рим түймедағы экстрактілерінің қабынуға қарсы, антисептикалық және қалпына келтіретін әсері бар.

Құрамында консерванттар жоқ. Дәрілік затқа жатпайды.

6 айдан асқан балалар мен ересектерге арналған.

Препараттың сипаттамасы

Техникалық және функционалдық сипаттамалары:

Параметр атауы Сипаттамасы
Бұйымның сипаттамасы мен құрылымы Аэрозоль қысыммен металл баллонда. Баллонның ішіне арнайы біржақты клапанмен жабдықталған, толтырылған төрт қабатты пакет салынған, ол ішіндегінің кері ағуын ескерту және ортадағы ауаның пакеттің ішіне түсуін болдырмау арқылы оның стерильдігін пайдалану кезеңі бойына сақтайды.
Толтыру көлемі 50 мл, 125 мл
Ішіндегісінің сипаттамасы Түймедақтың әлсіз иісі, тұзды дәмі бар, теңіз суының стерильді ерітіндісі болып табылатын (100 мл-де 70-77 мл табиғи теңіз суы бар), NaCl гипертониялық концентрациясымен және Алоэ вера және Рим түймедағы экстрактісі бар мөлдір түссіз сұйықтық.
Ішіндегісінің құрамы Табиғи теңіз суы, тазартылған су, Алоэ вера экстрактісі (0,025 % ерітінді), Рим түймедағы (0,025 % ерітінді) экстрактісі
рН 6,0-8,5
NaCl мөлшері 19-23 г/л
Сақтау шарттары Құрғақ және тікелей күн сәулесінен қорғалған жерде 5 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Қолдану көрсетілімдері

Балалар мен ересектерге арналған тамаққа бүрку және шаю құралы «Алоэ вера және Рим түймедағы қосылған тамаққа арналған шағын Аквалор®» және «Алоэ вера және Рим түймедағы қосылған тамаққа арналған Аквалор®» ауыз және тамақ қуыстарының жедел және созылмалы қабыну ауруларының (инфекциялық, аллергиялық, атрофиялық), ауыз және тамақ қуыстарына хирургиялық араласулар жасағаннан кейінгі жағдайлардың, суық тию ауруларын емдеу кезеңінде профилактика және кешенді емдеу үшін қолданылады.

Тамақты ылғалдандыруға және ауыз бен тамақ қуыстарының шырышты беткейлерінен патологиялық затты алып тастауға арналған. Ауыз және тамақ қуыстарының шырышты қабығына жағымды әсер көрсетеді, ауыз және тамақ қуыстарындағы жайсыздық пен құрғап кетуді азайтуға ықпал етеді.

Балалар мен ересектерге арналған тамақты бүрку және шаю құралы «Алоэ вера және Рим түймедағы қосылған тамаққа арналған шағын Аквалор®» және «Алоэ вера және Рим түймедағы қосылған тамаққа арналған Аквалор®» -мен ауыз және тамақ қуыстарын шайғаннан кейін ауыз және тамақ қуыстарының шырышты қабығына жағылған дәрілік заттардың емдік әсері артады және респираторлық аурулардың ұзақтығы қысқарады.

Қолдану шарттары: жеке және медициналық мекемелер жағдайында қолдануға арналған.

  • Ауыз және тамақ қуыстарының жедел және созылмалы қабыну ауруларының (инфекциялық, аллергиялық, атрофиялық) профилактикасы және кешенді емдеу:
  • жедел және созылмалы фарингиттер
  • жедел тонзиллиттер (баспа)
  • созылмалы тонзиллиттер
  • ларингиттер
  • стоматиттер
  • гингивиттер
  • пародонтиттер
  • Респираторлық инфекциялардың (ЖРВИ және басқалар) профилактикасы және кешенді емдеу
  • Ауыз және тамақ қуыстарының хирургиялық араласуларынан кейінгі жағдай
  • Жұтып қойған жағдайда қауіпсіз!

    Қарсы көрсетілімдері

    Баллон ішіндегі компоненттерді жекелей көтере алмаушылық.

    Жүктілік кезінде және емшек емізу кезінде қолдану

    Жүктілік және бала емізу қарсы көрсетілім болып табылмайды.

    Қолдану тәсілі және дозасы

    Медициналық бұйымды пайдаланар алдында анатомиялық қондырманы қайнаған сумен немесе этил спиртінің ерітіндісімен өңдеу керек.

    • Қондырманы баллонға кигізу керек;
    • қондырманың бүріккішін қабыну ошағына бағыттап, бірнеше секунд бойы шаю шарасын жүзеге асыру керек;
    • шаю шарасы аяқталғаннан кейін 30-40 минут бойы ас ішпеу керек;
    • емшараны тәулігіне кемінде 4 рет жасау керек.

    Сақтау шарттары

    Құрғақ және тікелей күн сәулесінен қорғалған жерде 5 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Тасымалдау шарттары

    Көліктің осы түріне қолданылатын тасымалдау ережесіне сәйкес жабық көліктің барлық түрімен 1 °С-ден 40 °С-ге дейінгі температурада тасымалданады.

    Жарамдылық мерзімі

    3 жыл

    Қаптамасында көрсетілген күніне дейін пайдалану керек. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

    Сату шарттары

    Рецептісіз

    Өндіруші

    Aurena Laboratories AB
    Fjärrviksvägen 22,
    653 50 Karlstad, Швеция
    тел.: +46 54 44 44 800
    email: contact@aurena.se

    Қосымша ақпарат

    Қазақстан Республикасы аумағындағы өндірушінің уәкілетті өкілі

    «Нижфарм» АҚ Өкілдігі
    050043, Қазақстан Республикасы,
    Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
    тел.: (727) 2222-100
    факс: (727) 398-64-95
    e-mail: almaty@stada.kz

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан медициналық бұйымдар бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын, сондай-ақ медициналық бұйымның тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері

    «Нижфарм» АҚ Өкілдігі
    050043, Қазақстан Республикасы,
    Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
    тел.: (727) 2222-100
    факс: (727) 398-64-95
    e-mail: almaty@stada.kz

    Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты шығару немесе соңғы қайта қарау туралы деректер: ХХ.ХХ.ХХХХ ж.

    Сілтемелер

    Посмотрите наличие товара в аптеках Вашего города

    Карта Список
    Далее

    Басқа өнімдер

    Аквалор® беби (бүріккіш)
    Аквалор® беби (бүріккіш) Толық ақпарат алу
    Аквалор® беби (тамшылатқыш)
    Аквалор® беби (тамшылатқыш) Толық ақпарат алу
    Аквалор® софт (бүріккіш)
    Аквалор® софт (бүріккіш) Толық ақпарат алу
    Аквалор® экстра форте (бүріккіш)
    Аквалор® экстра форте (бүріккіш) Толық ақпарат алу

    Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.

    Өнім бойынша сұрақ қою
    Аквалор® тамақ (бүріккіш)

    Все поля обязательны для заполнения

    Сіздің хабарламаңыз жіберілді!
    Рақмет!

    Сообщить о наличии

    Введите адрес электронной почты, чтобы узнать, когда препарат снова появится в наличии

    Ваше сообщение отправлено!
    Спасибо!

    eo