Артқа
Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.

Шығару формасы

50 мл, 150 мл

Медициналық бұйымды қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулығы бар картон қорапшадағы мұрынға арналған полиэтилен анатомиялық ендірмемен және полипропилен қалпақшамен жабдықталған қысымдағы алюминий баллон.

Сипаттамасы

Балалар мен ересектер үшін мұрын қуысына бүркуге және шаюға арналған зат келесі орындалу нұсқаларында: «Аквалор® софт шағын» 50 мл, «Аквалор® софт» 150 мл

Препараттың сипаттамасы

Медициналық бұйымның құрамы мен сипаттамасы

Параметрінің атауы Сипаттамасы
Өнімнің сипаттамасы және құрылымы «Аквалор® софт шағын» 50 мл мен «Аквалор® софт» 150 мл орындалу нұсқаларында балалар мен ересектер үшін мұрын қуысына бүркуге және шаюға арналған зат — бұл «душ» шашырауын тудыратын, шектеулі сақинасы бар және полипропилен қалпақшасы бар мұрынға арналған полиэтилен анатомиялық ендірмесі бар қысыммен металл баллондағы аэрозоль. Баллонның ішіне арнайы бір жақты қақпақшамен жабдықталған төрт қабатты пакет орналастырылған. Ендірмеде аэрозоль қақпақшасының басылуын бақылауға арналған ұстатқыш бар. Дәрілік зат болып табылмайды.
Толтыру көлемі 50 мл, 150 мл
Ішіндегісінің сипаттамасы Иіссіз, мөлдір түссіз сұйықтық.
Ішіндегісінің құрамы Құрамында табиғи теңіз суы, тазартылған суы қамтылған теңіз суының изотониялық ерітіндісі (NaCl концентрациясы 8-11 г/л). Теңіз суын алу Бретани (Франция), Люсешил (Швеция) жағалауларындағы экологиялық таза аудандардан жүзеге асырылады. Теңіз суында натрий, калий, мырыш, селен, магний, кальций, йод, хлор, бром иондары бар. Құрамында консерванттар жоқ.
рН 6,0 — 8,5

Қолдану көрсетілімдері

Зат шырышты кетіруге, мұрын бөліністерін азайтуға, қабыршақтарды жұмсартуға және кетіруге, мұрын қуысының шырышты қабығын ылғалдандыруға арналған. Мұрын қуысы мен мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабығына жағымды әсер етеді, мұрынның бітелуін азайтуға және мұрынның тыныс алуын қалпына келтіруге көмектеседі. Теңіз суындағы тұздар шырышты сұйылтуға және шырышты қабықтың құтыша пішінді жасушаларында оның өндірісін қалыпқа келтіруге ықпал етеді. Тұз құрамындағы кальций мен магний иондары мұрын шырышты қабығының тербелмелі эпителий жасушаларының жұмысын едәуір жақсартады, шырыштың реологиялық қасиеттерін қалыпқа келтіреді, вирустар мен бактериялардың енуіне төзімділікті арттырады. Йод және натрий хлориді антисептикалық қасиеттерге ие. Мырыш пен селен иондары мұрын шырышты қабығының және мұрын маңы қойнаулардың жергілікті иммунитетін белсендіруге жағдай жасайды.

Мұрын қуысын затпен шайғаннан кейін мұрын қуысының шырышты қабығына қолданылатын дәрілердің емдік тиімділігі артады, тыныс алу ауруларының ұзақтығы қысқарады, мұрын маңы қойнаулар мен құлақ қуысына инфекцияның таралу қаупі төмендейді. Мұрын қуысы мен мұрын-жұтқыншақтан шырышты қабығының биоценозын бұзбай, кез-келген патогендерді (вирустық, бактериялық, зеңдер) жоюға көмектеседі.

Қолдану шарттары: жеке қолдану үшін және медициналық мекемелер жағдайында.

Зат келесі мақсаттарда қолданылады:

  • мұрын қуысының, мұрын маңы қойнауларның және мұрын-жұтқыншақтың жедел және созылмалы қабыну ауруларының (инфекциялық, аллергиялық, атрофиялық) профилактикасы және кешенді емдеу:
  • жедел және созылмалы риниттер (тұмау)
  • жедел және созылмалы синуситтер (оның ішінде гайморит)
  • жедел және созылмалы аденоидиттер
  • аллергиялық және вазомоторлы риниттер
  • субатрофиялық риниттер (шырышты қабықтың құрғауы)
  • респираторлық инфекциялардың (тұмау, ЖРВИ және басқалар) профилактикасы және кешенді емдеу
  • мұрын қуысы және мұрын-жұтқыншақтың күнделікті гигиенасы
  • мұрын қуысы мен мұрын маңы қойнауларына хирургиялық араласудан кейінгі жағдайлары профилактикасы және кешенді емдеу
  • Зат 6 айдан асқан балалар мен ересектерге арналған.

    Қарсы көрсетілімдері

    Медициналық бұйымның құрамдас бөліктеріне жеке көтере алмаушылық.

    Жүктілік кезінде және емшек емізу кезінде қолдану

    Жүктілік және емшекпен емізу қарсы көрсетілімдер болып табылмайды.

    Қолдану тәсілі және дозасы

    Мұрын қуысын шаю қажет болған жағдайда күніне орта есеппен 3-4 рет, қажет болған жағдайда жиі жүргізіледі. Затты қолданудың ұзақтығы мен жиілігі шектелмейді.

    Маңызды! Процедураны орындау кезінде шаюды жүзеге асыратын адам дем алмауы, сөйлеспеуі немесе айқайламауы керек.

    2 жасқа дейінгі балалар үшін.

    Ерте жастағы баланың мұрнын жуу дененің тік күйінде, ересек адамның қолында отыру арқылы жүзеге асырылады (егер бала отыруды білсе). Бұл жағдайда баланың басы тік тұрып, алға қарай еңкейіп тұруы керек (1 сурет). Шаю кезінде баланың басы артқа шалқайтылмайтынына көз жеткізіңіз.

    1. Баллонның ұшын оң жақ танауға салыңыз (2 сурет).
    2. Бүріккішті басып, бірнеше секунд ұстап тұрыңыз, осылайша мұрынның оң жағын шайыңыз (3 сурет).
    3. Мұрын қуысынан шаю сұйықтығының қалдықтарын алып тастаңыз (баланы сіңбіртіңіз немесе аспираторды қолданыңыз) (4, 5 сурет).
    4. Мұрынның сол жақ жартысымен ұқсас процедураны орындаңыз.
    5. Қажет болса, процедураны қайталаңыз.
    аквалор

    2 жастан асқан балалар мен ересектер үшін.

    Балалар мен ересектердегі мұрынды шаю дененің тік күйінде (отырып немесе тұрып) жүзеге асырылады. Бұл жағдайда бас түзу және алға қарай сәл еңкейген болуы керек. Шаю кезінде бас артқа шалқайтылмайтынына көз жеткізіңіз (6 сурет).

    1. Баллонның ұшын оң жақ танауға салыңыз (7 сурет).
    2. Бүріккішті басып, бірнеше секунд ұстап тұрыңыз, осылайша мұрынның оң жағын шайыңыз (8 сурет).
    3. Шаю сұйықтығының қалдықтарын тазарту немесе аспиратор (балаларда қажет болған жағдайда) көмегімен алып тастаңыз (9 сурет).
    4. Мұрынның сол жақ жартысымен ұқсас процедураны орындаңыз.
    5. Қажет болса, процедураны қайталаңыз.
    аквалор

    Сақтау шарттары

    5 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Қызудан сақтаңыз.

    Тасымалдау

    Көліктің осы түрінде қолданылатын тасымалдау ережесіне сәйкес жабық көлік құралдарының барлық түрімен 5 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада тасымалданады.

    Жарамдылық мерзімі

    3 жыл

    Қаптамада көрсетілген күнге дейін пайдалану қажет. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

    Сату шарттары

    Рецептісіз

    Өндіруші

    «Нижфарм» АҚ, Ресей
    603950, Нижний Новгород қ.,
    Салганская к-сі, 7 үй
    тел.: + 7 (831) 278-80-88
    факс: + 7 (831) 430-72-28
    e-mail: med@stada.ru

    Қосымша ақпарат

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан медициналық бұйымдар бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын, сондай-ақ медициналық бұйымның тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері

    «ЕҰ «Нижфарм-Қазақстан» ЖШС
    050011, Қазақстан Республикасы,
    Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 258В үй
    тел.: (727) 2222-100
    факс: (727) 398-64-95
    e-mail: almaty@stada.kz

    Осыған сәйкес медициналық бұйым өндірілген нормативтік құжаттың атауы (белгіленуі)
    ТШ 32.50.50-008-00480081-2017

    Сілтемелер

    Посмотрите наличие товара в аптеках Вашего города

    Карта Список
    Далее

    Басқа өнімдер

    Аквалор® беби (бүріккіш)
    Аквалор® беби (бүріккіш) Толық ақпарат алу
    Аквалор® беби (тамшылатқыш)
    Аквалор® беби (тамшылатқыш) Толық ақпарат алу
    Аквалор® экстра форте (бүріккіш)
    Аквалор® экстра форте (бүріккіш) Толық ақпарат алу
    Аквалор® тамақ (бүріккіш)
    Аквалор® тамақ (бүріккіш) Толық ақпарат алу

    Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.

    Өнім бойынша сұрақ қою
    Аквалор® софт (бүріккіш)

    Все поля обязательны для заполнения

    Сіздің хабарламаңыз жіберілді!
    Рақмет!

    Сообщить о наличии

    Введите адрес электронной почты, чтобы узнать, когда препарат снова появится в наличии

    Ваше сообщение отправлено!
    Спасибо!

    eo