Артра® MCM (таблеткалар)
Артра® MCM (таблеткалар)
Шығару формасы
Салмағы 1690 мг таблеткалар, үлбір қабықпен қапталған, 30, 60, 90, 100, 120 данадан құтыда, 1 құтыдан картон қорапта.
Құрамы
Глюкозамин гидрохлориді, натрий хондроитин сульфаты, метилсульфонилметан, тасымалдаушы микрокристалдық целлюлоза, тасымалдаушы кроскарамеллоза, тұрақтандырғыш кальций ортофосфаты 2-алмастырылған, тазартылған су, тұрақтандырғыш стеарин қышқылы, тасымалдаушы гидроксипропилметилцеллюлоза, натрий гиалуронаты, тұрақтандырғыш полидекстроза, тұрақтандырғыш магний стеараты, бояғыш титан диоксиді, нығыздалуға қарсы бөлік кремний диоксиді, нығыздалуға қарсы бөлік тальк, мальтодекстрин, бояғыштар темір оксидтері және гидроксидтері, ортатізбекті үшглицеридтер.
Биологиялық белсендi зат | Тәуліктік мөлшерлемесіндегі мөлшері (2 таблетка) 1 табл. | Сәйкес тұтыну деңгейінен % |
---|---|---|
Глюкозамин | 832 мг | 119** |
Хондроитинсульфат | 736 мг | 123** |
Гиалурон қышқылы | 20 мг | 40 |
Ескерту: * - ЕурАзЭҚ Кеден Одағының бірыңғай талаптары;
** - тұтынудың рұқсат етілген жоғары деңгейінен аспайды.
Сипаттамасы
Тағамға биологиялық белсенді қоспа — глюкозаминнің, хондроитинсульфаттың, гиалурон қышқылының көзі ретінде ұсынылады, құрамында метилсульфонилметан (МСМ, 2 таблеткада 600 мг) бар.
Қолдану көрсетілімдері
Жас ұлғая келе глюкозамин мен хондроитиннің түзілісі нашарлайды, ал МСМ (метилсульфонилметан — күкірттің табиғи көзі) секілді маңызды элемент организмге тым аз көлемде түседі.
Хондроитин мен глюкозамин дәнекер тінді қалпына келтіруде маңызды роль атқарады, шеміршектің соғылуға қарсы қасиеттерін жақсартады, буынның қозғалғыштығын күшейтеді.
- буындағы қабыну мен ауырсынудың азаюына ықпал етеді
- буынның қозғалғыштығының артуына ықпал етеді
- шеміршек тініне өң бітуін үдетуге ықпал етеді
- буын шеміршегін қорғауға ықпал етеді
- шеміршек матриксінің және дәнекер тіннің қалпына келуіне ықпал етіп, олардың түзілуі үшін алынатын көзі болады.
Метилсульфонилметан (МСМ) — организм үшін биологиялық сіңімді күкірттің көзі — барлық дәнекер тіндерді құрайтын ақуыздардың құрамбөлігі. МСМ қабыну үрдістерінің даму қаупін азайтады, коллаген ақуыздардың түзілісін үдетеді және буындарды сау күйде ұстауға көмектеседі.
Глюкозамин мен хондроитинсульфат дәнекер тіннің түзілісінде қатысады. Глюкозамин — шеміршек құрылымының басқа құрамбөліктерінің түзілуі үшін құрылымдық бөлік болады, буындағы кері өзгерісті үрдістердің дамуын тежейді, олардың қызметін қалпына келтіреді. Экзогендік глюкозаминді енгізу шеміршек матриксінің өндірілуін күшейтеді. Натрий хондроитин сульфаты сау шеміршек матриксінің түзілуі үшін қосымша субстрат қызметін атқарады, буын беттерінің сырғуын қамтамасыз ететін буын сұйықтығының құрамына кіреді, сондай-ақ, шеміршектің қоректенуін іске асырады және стероидтық емес қабынуға қарсы препараттарға қажеттілікті азайтуға ықпал етеді.
Гиалурон қышқылы буын сұйықтығының құрамына кіреді, онда майлайтын заттектің ролін атқарады, буын беттерінің арасындағы үйкелісті азайтады, шеміршектің құрамына кіреді, онда «рессорлық» қызметті атқарады (шеміршек тінінің қысылуға-созылуға тұрақтылығын қолдайды), буын сұйықтығының маңызды құрамбөлігі, оның қоюлығын, созылымдылық қасиеттерін анықтайды. Ол бүкіл ішкі бетінде жабынды қабатты түзеді, осы арқылы буын шеміршегін және буын іші қабықшасын механикалық зақымданудан, сондай-ақ, бос радикалдардан және қабыну факторларынан қорғайды. Сілемей қабаттардың бетінде гиалурон қышқылы жұқа жартылай өткізетін қорғаныс қабатын түзеді, барлық нерв жалғамдарын жабады және тітіркенудің алдын алады; коллагеннің түзілуін ынталандырады.
Қарсы көрсетілімдері
Кұрамбөліктерін жеке көтере алмау, жүктілік, бала емізу кезеңі, бүйрек жеткіліксіздігі.
Қолдану тәсілі және дозасы
Ересектерге күніне 2 таблеткадан, тағамға қосып қабылдау қажет.
Қабылдау ұзақтығы — 2 ай.
Жарамдылық мерзімі
2 жыл
Сату шарттары
15°С-тан 25°С-қа дейінгі температурада, ауаның ылғалдылығы 60% - дан аспайтын, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет.
Өндіруші
Eagle Nutritionals, Inc., 111 Commerce Road, Carlstadt, NJ 07072, USA (АҚШ) «Takeda Pharmaceuticals International AG» үшін, Thurgauerstrasse 130, 8152 Glattpark (Opfikon), Zurich, Switzerland (Швейцария), қапталған: «Unipharm, Inc.», 75 Progress Lane, Waterbury, Connecticut (CT) 06705, USA (АҚШ)
Қосымша ақпарат
Импорттаушы / Тұтынушылардың шағым-талаптарын қабылдауға өкілетті ұйым:
«Такеда Қазақстан» ЖШC,
Алматы қ., Шашкин көшесі, 44
Телефон нөмірі (727) 2444004
Факс нөмірі (727) 2444005
SO-KZ@takeda.com
Посмотрите наличие товара в аптеках Вашего города
Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.