Артра® Плюс (таблеткалар)
Артра® Плюс (таблеткалар)
Дәрілік түрі
Салмағы 1750 мг таблеткалар, үлбір қабықпен қапталған, 60, 120 данадан құтыда
Шығару формасы
Салмағы 1750 мг таблеткалар, үлбір қабықпен қапталған, 60, 120 данадан құтыда, 1 құтыдан картон қорапта
Құрамы
Тәуліктік мөлшерлемесі (1 таблетка) қанағаттандырады:
Биологиялық белсенді заттек | 1 таблеткасындағы мөлшері, мг | Сәйкес тұтыну деңгейінен % * |
---|---|---|
Глюкозамин | 336 мг | 48 |
Хондроитинсульфат | 500 мг | 43 |
Ескерту: * - ЕурАзЭҚ Кеден Одағының «Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына» сәйкес.
Хондроитин мен глюкозамин дәнекер тінді қалпына келтіруде маңызды роль атқарады, шеміршектің соғылуға қарсы қасиеттерін жақсартады, буынның қозғалғыштығын күшейтеді.
Аталған құрамбөліктердің бірігуі қосарлана әрекет етеді, бір-бірінің әсерін толықтырып, күшейтеді.
Сипаттамасы
Тағамға биологиялық белсенді қоспа глюкозаминнің, хондроитинсульфаттың көзі ретінде ұсынылады.
Қолдану көрсетілімдері
- шеміршек матриксінің және дәнекер тіннің қалпына келуіне ықпал етіп, олардың түзілуі үшін алынатын көзі болады
- буынның қозғалғыштығының артуына ықпал етеді
- шеміршек тініне өң бітуін үдетуге ықпал етеді
- буын шеміршегін қорғауға ықпал етеді
Глюкозамин — шеміршек құрылымының басқа құрамбөліктерінің түзілуі үшін құрылымдық бөлік болады, буындағы кері өзгерісті үрдістердің дамуын тежейді, олардың қызметін қалпына келтіреді. Экзогендік глюкозаминді енгізу шеміршек матриксінің өндірілуін күшейтеді.
Натрий хондроитин сульфаты сау шеміршек матриксінің түзілуі үшін қосымша субстрат қызметін атқарады, буын беттерінің сырғуын қамтамасыз ететін буын сұйықтығының құрамына кіреді, сондай-ақ, шеміршектің қоректенуін іске асырады және стероидтық емес қабынуға қарсы препараттарға қажеттілікті азайтуға ықпал етеді.
Қарсы көрсетілімдері
ББҚ құрамбөліктерін жеке көтере алмау, жүктілік, бала емізу кезеңі
Сақтық шаралары
Қолдану алдында дәрігермен кеңесу қажет
Қолдану тәсілі және дозасы
Ересектерге күніне 1-2 таблеткадан, тағамға қосып қабылдау қажет.
Қабылдау ұзақтығы — 1-2 ай. Қажет болса, қабылдауды қайталауға болады.
Сақтау шарттары
15°С-тан 25°С-қа дейінгі температурада, ауаның ылғалдылығы 60% — дан аспайтын, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет.
Жарамдылық мерзімі
2 жыл
Сату шарттары
Тарату орындары Еуразиялық экономикалық одаққа мүшемемлекеттердің ұлттық заңнамаларымен анықталады.
Өндіруші
«USPLNutritionals», 1300 AirportRd, NorthBrunswick, NJ 08902, USA (АҚШ) немесе «EagleNutritionals, Inc», 111 CommerceRoad, Carlstadt, NJ 07072, АҚШ немесе «AmeriPharmaLabsLLC», 71 VeronicaAvenue, Somerset, NewJersey (NJ) 08873, АҚШ «TakedaPharmaceuticalsInternationalAG» тапсырысы бойынша, Thurgauerstrasse 130, 8152 Glattpark-Opfikon (Zurich), Switzerland (Швейцария), қапталған: «Unipharm, Inc.», 75 ProgressLane, Waterbury, Connecticut (CT) 06705, USA (АҚШ).
Қосымша ақпарат
Импорттаушы / Тұтынушылардың шағым-талаптарын қабылдауға өкілетті ұйым:
«Такеда Қазақстан» ЖШC,
Алматы қ., Шашкин көшесі, 44
Телефон нөмірі (727) 2444004
Факс нөмірі (727) 2444005
SO-KZ@takeda.com
Посмотрите наличие товара в аптеках Вашего города
Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.