АртроСтоп® Крем (крем)
АртроСтоп® Крем (крем)
Шығару формасы
тубадағы 100 мл-ден крем
Құрамы
су, сұйық парафин, денатуратталған спирт, глицерил стеараты, цетил спирті, цетеарет-20, глюкозамин сульфаты, метилсульфонилметан (МСМ), Linum Usitatissimum зығыр майы, ментол, метилсалицилат, камфора, цетеарет-12, цетеарил спирті, цетилпальмитат, Boswellia Serrata экстрактысы, сфералық эвкалипт жапырақтарының майы, арша майы, скипидар, ксантан сағызы, феноксиэтанол, этилгексилглицерин, натрий полиакрилаты, гидрогенделген полидецен, тридецет-6, D-лимонен.
Қолдану көрсетілімдері
Әрекеті: Глюкозамин сульфаты буын шеміршектері құрылымының негізгі құрылыс құрамбөлігі болып табылады.
МСМ — бұл табиғи шыққан зат. МСМбұл метилсульфонилметанның аббревиатурасы, ол биологиялық белсенді күкірттің табиғи көзі болып табылады. Күкірт қосылыстары ағзаның барлық жасушаларында, соның ішінде буындарда кездеседі және өмірлік маңызға ие.
Босвеллия экстрактысы — қабынуға қарсы және антиоксиданттық әсері бар Boswellia serrata ағашының қабығы экстрактысы.
Тиімді тері массажы:
- Буындар мен бұлшықеттердегі ауырсынуды еңілдетеді.
- Бұлшықеттердің босаңсуына ықпал етеді және қан айналымын ынталандырады, осылайша баяу қозғалыс сезімін жойып, буындардың қозғалғыштығын жақсартады.
- Босаңсу әсерін береді.
Құрамында үш құрамбөліктің — глюкозамин сульфатының, МСМ және Boswellia serrata экстрактысының бірегей үйлесімі бар.
Сондай-ақ,
Қолдану бойынша ұсыныстар
Қарсы көрсетілімдері
құрамбөліктерін жеке көтере алмау
Қолдану тәсілі және дозасы
Күніне бірнеше рет айналмалы массаж қимылдарымен жағыңыз.
Айрықша нұсқаулар
Тек сыртқа қолдануға арналған!
3 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатуға болмайды! Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі
2 жыл
Сату шарттары
Халыққа. Тарату орындары Еуразиялық экономикалық одақтың мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамасымен анықталады.
Өндіруші
WALMARK, a.s.,
Ольдржиховице 44, 739 61 Тршинец,
Чех Республикасы,
www.walmark.eu
Қосымша ақпарат
Тұтынушылардан шағымдарды қабылдауға Уәкілетті ұйым:
«ЕҰ «Нижфарм-Қазақстан»
ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050011,
Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 258 В үй,
тел.: +7 (727) 2222 100
Посмотрите наличие товара в аптеках Вашего города
Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.