АртроCтоп® Рапид Плюс (таблеткалар)
АртроCтоп® Рапид Плюс (таблеткалар)
Шығару формасы
1054,99 мг-нан таблеткалар Блистерінде 10 таблетка, картон қорабында 3 немесе 6 блистер.
Құрамы
Глюкозамин сульфаты *2KCl (шаян тәрізділерден жасалған), хондроитин сульфаты, антикесектегіштер: целлюлоза, магний стеараты, тальк; Boswellia serrata экстрактысы, тұрақтандырғыштар: гидроксипропилметилцеллюлоза, көлденең байланысқан натрий карбоксиметилцеллюлоза, гидроксипропилцеллюлоза; бояғыштар: титан қостотығы, темір тотықтары мен гидроксидтері; L-аскорбин қышқылы, ылғалдандырғыштар: глицерин; II типті коллаген.
Тәуліктік доза құрамында | Массасы/ 2 табл. | % ТТТ* |
---|---|---|
Глюкозамин сульфаты *2KCl | 1067,0 мг | - |
Хондроитин сульфаты | 400,0 мг | - |
Boswellia serrata экстрактысы (мин. 70 % босвеллия қышқылы, оның ішінде мин. 20 % β-босвеллия қышқылы) |
100,0 мг | - |
ExPur кешені | Массасы/ 2 табл. | % ТТТ* |
---|---|---|
II типті коллаген | 13,4 мкг | - |
C дәрумені | 8,0 мг | 10 |
* % тамақпен бірге тәуліктік тұтыну
тәуліктік норма белгіленбеген
Қолдану көрсетілімдері
Әрекеті: Глюкозамин сульфаты және хон- дроитин сульфаты буын шеміршегінің негізгі құрылымдық компоненттері болып табылады.
Boswellia serrata экстрактысы: Қабынуға қарсы әсері — босвеллия қышқылы лейкотри- ендердің синтезін тиімді тежейді; буын шемір- шегінің зақымдану дәрежесін азайта отырып, лейкоциттер мен макрофагтардың шеміршек пен буын сұйықтығына енуіне жол бермейді.
Босвеллия қышқылы сонымен қатар лизосомалық ферменттердің шығарылуына жол бермейді, гидроксипролин, гексозаминдер және урон қышқылы сияқты шеміршек тінінің құрылымдық құрамдас бөліктерінің шығарылуын азайтады, нәтижесінде шеміршектің бұзылу процестері баяулайды және қалпына келтіру процестері белсендіріледі.
Босвеллияның ауырсынуды басатын әсері: белсенді құрамдас бөліктер буындардың ауырсыну сезімін және таңертеңгі шырмалушылықты тиімді төмендетеді, буындардағы ісінуді азайтады.
Денатуратталмаған II типті коллаген шеміршек тінінің негізгі құрылымдық ақуызы болып табылады, деградацияны профилактикалық түзету және II типті коллаген мөлшерін азайту ретінде қолданылады. Салмақ түсетін буындарға (ауыр физикалық жұмыс, спорт, артық салмақ) жоғары жүктеме кезінде ұсынылады.
С дәрумені сүйек пен шеміршектің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті коллагеннің қалыпты қалыптасуына ықпал етеді.
Қарсы көрсетілімдері
Курамбөліктерін жеке көтере алмау.
Қолдану тәсілі және дозасы
Ересектерге күніне 1 таблеткадан 2 рет. 14 жастан бастап балаларға күніне 1 таблеткадан. Жақсырақ тамақтанғаннан кейін сумен ішкен дұрыс. Оңтайлы тиімділік үшін 2-3 ай ішінде қабылдау ұсынылады.
Қолданар алдында дәрігермен кеңесу қажет.
Айрықша нұсқаулар
Күнделікті ұсынылатын дозадан асырмаңыз. Биологиялық белсенді қоспаны әртүрлі диеталар үшін тамақ алмастырғыш ретінде пайдалануға болмайды. 14 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге ұсынылмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі
3 жыл
Сату шарттары
Халыққа. Тарату орындары Еуразиялық экономикалық одақтың мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамасымен анықталады.
Өндіруші
WALMARK, a.s.,
Ольдржиховице 44, 739 61 Тршинец,
Чех Республикасы,
www.walmark.eu
Қосымша ақпарат
Тұтынушылардан шағымдарды қабылдауға Уәкілетті ұйым:
«ЕҰ «Нижфарм-Қазақстан»
ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050011,
Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 258 В үй,
тел.: +7 (727) 2222 100
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік:
26.01.2015 жылғы
KZ.16.01.78.003.Е.003462.01.15
Посмотрите наличие товара в аптеках Вашего города
Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.