Бактистатин® (капсулалар)
Бактистатин® (капсулалар)
Шығару формасы
Салмағы 0,5 г капсулалар. Блистерінде 10 капсуладан, картон пачкесінде 2 немесе 6 блистерден.
Құрамы
B.subtilis штамм 3 бактерияларының жасушасыз өсінділік сұйықтығының биологиялық белсенді метаболиттері, цеолит тасымалдағышы, соя ұнының ферменттелген гидролизаты, нығыздалуға қарсы бөлік кальций стеараты (немесе аэросил), желатин (капсуласының құрамбөлігі).
2-6 капсуласында Е дəруменінің кемінде 2,0-6,0 мг бар, талаптарына сай тəуліктік тұтынудың ұсынылатын деңгейінің 20-60 % сəйкес келеді.
Пайдалы пробиотикалық бактериялар өндірілген Bacillus subtilis метаболиттері оң əсерлердің кең спектрін ұсынады:
- бактерияға қарсы белсенділігі бар метаболиттер (бактериоциндер, лизоцим) дерт қоздыратын жəне шартты-дерт қоздыратын микроорганизмдерді тежейді жəне ішектің пайдалы микрофлорасына əсер етпейді;
- ферменттік белсенділігі бар метаболиттер (гидролитикалық энзимдер) ас қорытылуының толыққанды өтуіне ықпал етеді;
- иммундық белсенді факторлар ағзаның ауруларға қарсы тұруын арттыра отырып, ішектің иммундық жүйесі жасушаларының жұмысын белсендіреді.
Метаболиттер белсенді түрде болады жəне АІЖ-ға түсіп жұмыс істей бастайды. Табиғи сорғыш Цеолит:
- уыттар мен аллергендерді іріктеулі түрде сорып алып, сыртқа шығарады, жəне дəрумендермен, амин қышқылдарымен, ақуыздармен жəне басқа пайдалы заттектермен əрекеттеспейді;
- əр түрлі уыттануды азайтады;
- судың артық мөлшерін адсорбциялайды, ішектің перистальтикасын əлсіретеді, осылайша диареяның дамуын төмендетеді;
- ішек қабырғасының сезімтал аймақтарын механикалық тітіркендіреді, ішектің перистальтикасын қалыпқа келтіреді, іш қатуды жояды;
- кебуді жəне спазмды азайтады.
Пребиотикалық компонент Соя ұнының гидролизаты:
- ішектің қалыпты микрофлорасының өсуіне жəне қалпына келуіне оңтайлы жағдай жасайды.
Сояның генетикалық модификацияланған түрлері ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ!
Компоненттердің қасиеттерін ескере отырып,
- ішек микрофлорасын қалпына келтіру;
- антибиотиктердің жанама əсерінің алдын алу;
- токсиндер мен аллергендерді ағзадан шығару
Сипаттамасы
Ішек микрофлорасының жағдайы, оның сапалық жəне сандық құрамы адам денсаулығының индикаторы болып табылады.
Ішек микрофлорасының құрамына оның балансының бұзылуына, иммунитеттің төмендеуіне, созылмалы асқынуына, асқазан-ішек, дерматологиялық жəне басқа да аурулардың пайда болуына əкелетін көптеген факторлар əсер етеді.
Ішек микрофлорасы балансының бұзылуының ең жиі себептері:
- дəрі-дəрмектерді, мысалы, ауру тудыратын антибиотиктерді, сондай-ақ ішектің пайдалы бактерияларына əсер ететін антибиотиктерді бақылаусыз қабылдау. Нəтижесінде, көп жағдайда диарея, жайсыздық жəне іштің ауыруы дамиды;
- тамақтану рационының жəне климаттың өзгеруі, саяхатта ағзаның күйзелісі, ішек инфекциялары ішектің жұмысына теріс əсер етуі жəне ас қорыту, диарея, жүрек айнуы, құсу жəне іштің кебуі байқалуы мүмкін;
- қолайсыз экология, теңгерілмеген тамақтану, стресс адам денсаулығына зиянды əсер етеді, бұл иммунитеттің төмендеуіне, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне, тері проблемаларына жəне т. б. əкеледі.
Ішек микрофлорасының қалыпты балансын қалпына келтіру кешенді болуы тиіс. Ол үшін келесі маңызды:
- ағзаны барлық зиянды заттарды сіңіретін жəне оларды ағзадан шығаратын сорбент арқылы токсиндер мен аллергендерден тазарту;
- пробиотикалық бактериялардың метаболиттерінің көмегімен патогенді микроорганизмдердің теріс əсерін жою;
- құрамы əрбір организм үшін бірегей, пребиотиктің көмегімен өз микрофлорасының өсуін қалыпқа келтіру.
Қолдану көрсетілімдері
Тағамға биологиялық белсенді қоспа - пробиотикалық микроорганизмдердің биологиялық белсенді метаболиттерінің көзі, Е дəруменінің қосымша көзі ретінде ұсынылады, құрамында цеолит бар.
- антибиотиктермен емдеу нəтижесінде пайда болатын ішектің дисбактериозында (дисбиозында), асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруларында, инфекцияларға шалдыққаннан кейін, сəулелік жəне химиялық емдеуден кейін;
- ішектің тітіркену синдромында;
- əртүрлі текті диарея;
- ішек инфекцияларында;
- диспепсияда (жүрек айнуы, қыжыл, сұйық нəжіс);
- гастритте, гастродуоденитте;
- созылмалы панкреатитте;
- аллергиялық жəне дерматологиялық ауруларда;
- қолайсыз факторлардың əрекет етуінде организмнің телімді емес тұрақтылығын арттыру үшін.
Қолдану бойынша ұсыныстар
Ересектерге 1-2 капсуладан, күніне 2-3 рет, тағаммен қосып қабылдау қажет; 6 жастан асқан балаларға 1 капсуладан, күніне 2 рет, тағаммен қосып қабылдау қажет. Қабылдау ұзақтығы – 2-3 апта. Қолданар алдында дəрігермен кеңесу қажет.
Балалардың қолданар алдында педиатр-дəрігермен кеңесу қажет. 14 жасқа дейінгі балаларды дəрігер-педиатрдың келісімі бойынша жəне бақылауымен қабылдау қажет.
Қарсы көрсетілімдері
Компоненттерін жеке көтере алмау, жүктілік, бала емізу кезеңі.
Сақтау шарттары
Кұрғақ, балалардың қолы жетпейтін жерде, + 25 °С-тан аспайтын температурада сақтау қажет
Жарамдылық мерзімі
4 жыл
Сату шарттары
Халыққа. Іске асыру орындары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамасымен айқындалады.
Өндіруші
«Крафт» ЖШҚ, 197022, Санкт-Петербург қ.,
Медиктер даңғылы, 5 үй, В лит., 7-Н жапсар, 110 б.
Өндірістің мекен-жайы:
188679, Ленинград обл., Всеволожск ауданы,
Морозов атындағы пос., өндірістік корпус 102А,
Ресей Федерациясы.
Қосымша ақпарат
Тұтынушылардың шағым-талаптары қабылданатын мекен-жай:
«ЕҰ «Нижфарм-Қазақстан» ЖШС, 050011,
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сүйінбай даңғылы,
258В үй, тел.: 8 (727) 2222-100, факс: 8 (727) 398-64-95.
Өндіріс ISO 9001; ISO 22000 сəйкес келеді.
Мемлекеттік тіркеу туралы куəлік:
№RU.77.99.88.003.E.001019.03.19
21.03.2019 ж.
Дəрінің қатарына жатпайды.
Өнім ерікті сертификациядан өткен.
Посмотрите наличие товара в аптеках Вашего города
Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.