Артқа

Кардиомагнил (таблеткалар)

Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.

Сәйкестендіру және жіктеу

АТХ коды
В01АС06
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ацетилсалицил қышқылы

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 75 мг, 150 мг

Шығару формасы

30 немесе 100 таблеткадан алғашқы ашылуы бақыланатын, силикагелі және сақинасы бар алынып тасталатын капсуламен бекітілген, бұрандалы ақ түсті қақпақтармен (полиэтиленнен) тығындалған қоңыр түсті шыны құтыларға салынады. Құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетка құрамында

белсенді зат: ацетилсалицил қышқылы, 150 мг

қосымша заттар: магний гидроксиді, жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза (E460), картоп крахмалы, магний стеараты (E470b)

үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза (метилгидроксипропилцеллюлоза 15), макрогол (пропиленгликоль), тальк.

Сипаттамасы

Сындыру үшін сызығы бар сопақша пішінді үлбірлі қабықпен қапталған ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қан және қан түзу ағзалары. Тромбозға қарсы препараттар. Тромбоциттер агрегациясының тежегіштері, гепаринді қоспағанда. Ацетилсалицил қышқылы

Қолдану көрсетілімдері

  • жедел және созылмалы ишемиялық жүрек ауруында
  • жүрек-қантамыр ауруларын дамытатын қауіп факторлары болуы мүмкін мынадай бір немесе одан артық белгілері: гипертония, гиперхолестеринемия, қант диабеті, семіздік (ДСИ > 30) және отбасылық анамнезінде ата-анасы, ағасы немесе апасының, ең болмаса, біреуінде болатын 55 жасқа дейінгі миокард инфарктісі бар 50 жастан асқан адамдардағы тромбоз және жедел коронарлық синдром сияқты жүрек-қантамыр ауруларының бастапқы профилактикасы
  • миокард инфарктісінің қайталануы және қан тамырлары тромбозының профилактикасы

Қарсы көрсетілімдері

  • салицилаттарға, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) немесе қосымша заттардың кез келгеніне белгілі немесе күдікті аса жоғары сезімталдық
  • геморрагиялық диатез (К дәруменінің тапшылығы, тромбоцитопения, гемофилия)
  • белсенді ойықжара ауруы
  • бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (ШСЖ <0,2 мл / (10 мл/мин))
  • бауыр функциясының ауыр бұзылуы
  • жүрек функциясының ауыр бұзылуы
  • қызбасы бар 15 жасқа дейінгі балалар (Рейе синдромының даму қаупі, «Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары» бөл.қ.)
  • жүктіліктің III триместрінде әйелдерде дозаны күніне 100 мг асыру

Сақтықпен

Жағымсыз әсерлердің жоғары даму қаупіне байланысты Кардиомагнилді® басқа ҚҚСП біріктіріп ұзақ пайдаланудан аулақ болу керек («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөл.қ.).

Кардиомагнил® дәрігердің тағайындауынсыз 2 жасқа дейінгі балаларда пайдалануға болмайды.

Асқазан-ішек қан кету қаупіне байланысты егде жастағы науқастарда ауыру, қабыну, қызба және ревматизмдік ауру кезінде ұзақ қолданудан аулақ болу керек. Егде жастағы пациенттерде жүректің жедел немесе созылмалы ишемиялық ауруы мен инсультті емдеу үшін, сондай-ақ асқазан-ішектен қан кету қаупіне байланысты инсульт пен жүректің ишемиялық ауруының профилактикасы үшін ацетилсалицил қышқылының (АСҚ) төменгі дозаларын сақтықпен қолдану керек.

Құрамында АСҚ бар өнімдер дәрігердің кеңесінсіз 15 жасқа дейінгі балаларда вирустық инфекцияларды емдеу үшін пайдаланылмауы тиіс. Кейбір вирустық аурулар, әсіресе А тұмауы, В тұмауы және желшешек Рейе синдромының даму қаупімен байланысты, ол өте сирек болады, бірақ дереу емді талап ететін, өмірге қауіп төндіретін потенциалды қауіпті ауру. Қауіп АСҚ бір мезгілде қолдану жолымен ұлғайтылуы мүмкін, бірақ себеп-салдарлық байланыс әлі анықталмаған. Егер осы аурулармен байланысты тұрақты құсу туындаса, бұл Рейе синдромының белгісі болуы мүмкін.

Егер жоғары қан кету қаупі ишемия қаупінен асып кетсе, жоспарлы хирургиялық араласудан бірнеше күн бұрын төмен дозалармен емдеуді тоқтату керек.

АСҚ бронх түйілуін және демікпе ұстамаларын немесе басқа да аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін. Қауіп факторларына бұрыннан бар демікпе, пішен қызбасы, мұрын полипі және созылмалы респираторлық аурулар жатады. Бұл сондай-ақ басқа дәрілерден аллергиялық реакциялар (мысалы, тері реакциялары, қышу және есекжем) бар пациенттерге да қатысты. Сондықтан Кардиомагнил® «ДАК» басқа анальгетиктерге/қабынуға қарсы препараттарға/ревматизмге қарсы дәрілік заттарға сезімталдығы жоғары пациенттерде және басқа аллергиялар болғанда ерекше сақтықпен қолдану керек.

Келесі жағдайларда ерекше сақтық таныту керек:

  • асқазан-ішек жолының шырышты қабық аурулары, диспепсияға бейімдік
  • антикоагулянттармен (К дәруменінің антагонистері және гепарин («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөл.қ.)) бір уақытта емделу
  • бүйрек функциясының бұзылуы
  • бауыр функциясының бұзылу

Жүктілік кезінде және емшек емізу кезінде қолдану

Төмен дозалар (тәулігіне 100 мг дейін)

Клиникалық зерттеулер арнайы қадағалау талап етілетін акушерлікте пайдалану үшін тәулігіне 100 мг дейінгі дозаларының қауіпсіз екенін көрсетеді.

Жоғары дозалар (тәулігіне 100 мг артық))

Бірінші және екінші триместр: Егер қарсы көрсетілімдері бар болса ғана простагландиндер синтезін қолдануға болады, дозасы да мүмкіндігінше төмен, ал емдеу мерзімі мүмкіндігінше қысқалау болуы тиіс.

Үшінші триместр: күніне 100 мг дозадан артық АСҚ тағайындау шаранада мыналарды туғызуы мүмкін:

  • жүрек-өкпе уыттануы (Боталлов түтігінің мерзімінен бұрын жабылуымен және өкпе гипертензиясымен)
  • кейіннен бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына және амниотикалық сұйықтықтың азаюына ұласатын бүйрек дисфункциясы

жүктіліктің соңында анада және шаранада:

  • тромбоциттер агрегациясының төмендеу мүмкіндігінің салдары ретінде қан кету уақытының ұзаруы
  • жатырдың жиырылу белсенділігінің бәсеңдеуі, бұл уақытынан кеш босануларға немесе босану ұзақтығының артуына әкелуі мүмкін

Жоғарыда айтылуына орай, жүкті әйелдерде III триместрде күніне 100 мг-ден артық дозасынан асырып АСҚ қолдану қарсы көрсетілімді.

Лактация кезінде қолдану тәжірибесінің болмауына орай, бала емізу кезеңінде АСҚ тағайындар алдында емшек еметін жастағы балаларға төнетін зор қатерімен салыстырғанда препаратпен емдеудің әлеуетті пайдасын бағалап алу керек.

Автокөлікті немесе басқа тетіктерді басқару кезінде реакция жылдамдығына әсер ету қабілеті

Кардиомагнил® көлік құралын басқару немесе қозғалмалы механизмдермен жұмыстар атқару қабілетіне ықпал етпейді немесе мардымсыз ықпал етеді.

Қолдану тәсілі және дозасы

Дозалау режимі

Жедел және созылмалы ишемиялық жүрек ауруында күнде 150 гр.

Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылғанда дозаны түзету қажет болуы мүмкін. Препарат бауыр немесе бүйрек функциясы ауыр бұзылғанда тағайындалмайды.

Енгізу жолы және тәсілі

Таблетканың жылдам сіңуін қамтамасыз ету үшін оны шайнауға немесе суда ерітуге болады.

Препаратты қолдану бойынша сұрақтар болса емдеуші дәрігерге қаралыңыз.

Артық мөлшер

Ересектер үшін қауіпті дозасы: 300 мг/кг.

Симптомдары: әдетте, салицилаттармен жеңіл дәрежеде созылмалы улану жоғары дозаларын ұзақ уақыт қабылдағаннан кейін жүреді және қызба, тахипноэ, құлақтың шуылдауымен, респираторлық алкалоз, метаболизмдік ацидоз, енжарлық, орташа сусызданумен, жүрек айну және құсумен көрініс береді.

Уыттану, әдетте, созылмалы артық дозалануы бар пациенттерде немесе дәрілік заттарды шамадан тыс тұтынатындарда, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде немесе балаларда аса ауыр болады.

Емі: асқазанды шаю, егер 120 мг/кг-ден артық қабылданғанына күдік бар болса, белсендірілген көмір қабылдау қажет. Сарысулық салицилат қабылдағаннан кейін, кем дегенде, әр 2 сағат сайын және әзірге салицилат деңгейі тұрақты төмендей бастағанша, ал қышқылды-сілтілі теңгерім жақсарғанша өлшенуі тиіс.

Егер қан кетуге күдік бар болса, протромбин уақытын және/немесе халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) бақылау қажет.

Су-электролит теңгерімі міндетті түрде қалпына келтірілуі тиіс. Сілтілік диурез және гемодиализ плазмадан салицилаттарды шығарудың тиімді тәсілдері болып табылады. Гемодиализ ауыр уыттану жағдайында қарастырылуы тиіс, өйткені ол салицилат клиренсін тез арттырады және қышқылдық-сілтілік және су-тұз теңгерімін қалпына келтіреді.

Кері әсері

Барлық дәрілік препараттар сияқты препарат жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін, бірақ олар барлығында бірдей туындамайды. Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Өте жиі

  • қан кету уақытының ұзаруы
  • тромбоциттер агрегациясының тежелісі
  • қыжыл, қышқылды рефлюкс, іштің ауыруы

Жиі

  • геморрагиялық диатез
  • бас ауыру
  • демікпесі бар пациенттердегі бронх түйілу әсері
  • эритема және асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлімдеріндегі эрозиялар, жүрек айну, диспепсия, құсу, диарея
  • ұйқысыздық

Жиі емес

  • жасырын қан кету
  • вертиго (бас айналу), ұйқышылдық
  • құлақтың шыңылдауы
  • ентігу
  • асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлімдеріндегі ойық жаралар және қан кету, қан аралас құсу, мелена (қара түсті нәжіс)
  • аллергиялық реакциялар — есекжем, ангионевроздық ісіну (ангионевроздық ісіну аллергиядан зардап шегетін науқастарда жиірек дамиды)
  • анафилаксиялық реакциялар

Сирек

  • трансаминазалар және сілтілік фосфатаза мәндерінің жоғарылауы
  • анемия (ұзақ уақыт емделгенде), гемолиз (туа біткен глюкозо-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы болғанда)
  • миішілік қан кетулер
  • дозаға тәуелді қайтымды естімей қалу және кереңдік
  • асқазан-ішек жолының жоғарғы бөліміндегі ауыр дәрежелі асқазан-ішектен қан кету, тесілу
  • бүйрек функциясының бұзылуы
  • гипогликемия
  • геморрагиялық васкулит

Өте сирек

  • гипопротромбинемия (жоғары дозаларда), тромбоцитопения, нейтропения, эозинофилия, агранулоцитоз, апластикалық анемия
  • стоматит, эзофагит, асқазан-ішек жолының төменгі бөлімінде ойық жаралардың түзілуі, стеноз, колит, ішектің қабыну ауруларының өршуі
  • пурпура, эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы)
  • әртүрлі вирустық аурулармен (А және В тұмауы, желшешек) байланысты дозаға байланысты қайтымды уытты гепатит

Белгісіз

  • Рейе синдромы

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Мына препараттарды бір мезгілде пайдаланудан аулақ болу керек

Метотрексат

Болжамды механизмі: метотрексат клиренсінің азаюы.

Әсері: метотрексат уыттылығы (лейкопения, тромбоцитопения, анемия, нефроуыттылық, шырышты қабықтардың ойық жаралануы).

АӨФ тежегіштері

Болжамды механизмі: простагландиндер синтезін тежеу.

Әсері: АӨФ тежегіштері тиімділігінің төмендеуі.

Ацетазоламид

Болжамды механизмі: ацетазоламидтің жоғары концентрациясы қан плазмасындағы салицилаттардың қоршаған тіндерге диффузиялануына әкелуі мүмкін.

Әсері: ацетазоламидтен болатын уыттану (шаршау, сылбырлық, ұйқышылдық, сананың шатасуы, гиперхлоремиялық метаболизмдік ацидоз) және салицилаттардан болатын уыттану (құсу, тахикардия, гиперпноэ, сананың шатасуы).

Пробенецид, сульфинпиразон

Болжамды механизмі: пробенецид және салицилаттардың жоғары дозалары (> 500 мг) екі препараттың да әсерін өзара бөгеп, несеп қышқылының шығарылуына ықпал етеді.

Әсері: несеп қышқылы экскрециясының төмендеуі.

Мына препараттарды бір мезгілде қолдану сақтануды талап етеді

Клопидогрел, тиклопидин

Клопидогрел мен АСҚ біріктірілімінің синергиялық әсері бар. Алайда қан кету қаупінің жоғарылауы осы біріктіріліммен байланысты. Біріктірілім тағайындалғанда сақтану қажет.

Антикоагулянттар: варфарин, фенпрокумон

Болжамды механизмі: тромбин өндірілуін азайтады, бұл тромбоциттер белсенділігін тікелей емес төмендетеді (К дәруменінің антагонисті).

Әсері: қан кету қаупінің жоғарылауы.

Абсиксимаб, тирофибан, эптифибатид

Болжамды механизмі: IIb/IIIa гликопротеин рецепторларының тромбоциттерге ықпалын тежейді.

Әсері: қан кету қаупінің жоғарылауы.

Гепарин

Болжамды механизмі: тромбин өндірілуін азайтады, бұл тромбоциттер белсенділігінің тікелей емес төмендеуіне әкеледі.

Әсері: қан кету қаупінің жоғарылауы.

Егер жоғарыда аталған дәрілердің біреуі немесе одан көбі АСҚ-мен бірге қолданылса, бұл тромбоциттер белсенділігінің тежелісін арттыратын синергиялық әсерге әкелуі мүмкін, нәтижесінде геморрагиялық диатез қаупі жоғарылайды.

ҚҚСП және ЦОГ-2 тежегіштері (целекоксиб)

Болжамды механизмі: аддитивті асқазан-ішек тітіркенуі.

Әсері: асқазан-ішектен қан кету қаупінің жоғарылауы.

Ибупрофен

Бір мезгілде ибупрофен қолдану АСҚ-дан болатын тромбоциттердің қайтымсыз агрегациясын тежейді. Жүрек-қантамыр ауруларының қатері жоғарылаған пациенттерде ибупрофенмен емдеу АСҚ кардиопротекторлық әсерін шектеуі мүмкін.

Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы үшін күніне бір рет АСҚ қабылдайтын пациенттер және ара-арасында ибупрофен қабылдайтындар, кем дегенде, ибупрофен қабылдауға дейін 2 сағат бұрын АСҚ қабылдауы тиіс.

Фуросемид

Болжамды механизмі: фуросемидтің проксимальді өзекшелік шығарылуын тежеу.

Әсері: фуросемидтің несеп айдау әсері төмендейді.

Хинидин

Болжамды механизмі: тромбоциттерге аддитивті әсері.

Әсері: қан кету уақытының ұзаруы.

Спиронолактон

Болжамды механизмі: ренин әсерінің модификациялануы.

Әсері: спиронолактон тиімділігінің төмендеуі.

Серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер (СКҚСТ)

Болжамды механизмі: асқазан-ішек жолын аддитивті тітіркендіру.

Әсері: асқазан-ішектен қан кету қаупінің жоғарылауы.

Вальпроат

Болжамды механизмі: АСҚ вальпроат байланысуы мен метаболизмін өзгертеді.

Әсері: вальпроатпен уыттану (орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, асқазан-ішек жолының кінәраттары).

Кортикостероидтар

Болжамды механизмі: асқазан-ішек жолын аддитивті тітіркендіру және бүйректік клиренсті немесе салицилаттар метаболизмін арттыру.

Әсері: асқазан-ішек ойық жаралары қатерінің және плазмадағы салицилат субтерапиялық концентрациясының жоғарылауы.

Диабетке қарсы препараттар

Болжамды механизмі: аддитивті гипогликемиялық әсері.

Әсері: гипогликемия.

Антацидтер

Болжамды механизмі: бүйрек клиренсін арттыру және бүйректік сіңуді төмендету (несепте рН артуымен байланысты).

Әсері: АСҚ әсерінің төмендеуі.

Желшешекке қарсы вакцина

Механизмі: белгісіз.

Әсері: Рейе синдромы даму қаупінің жоғарылауы.

Гинкго билоба

Болжамды механизмі: гингко билоба тромбоциттер агрегациясын бөгейді.

Әсері: қан кету қаупінің жоғарылауы.

Әсері: қан кету қаупінің жоғарылауы.

Метамизол

Ацетилсалицил қышқылы мен құрамында дәрілік заттар бар метамизолды бір мезгілде қолдану тромбоциттер агрегациясының клиникалық тұрғыдан маңызды деңгейін төмендетуі мүмкін. Демек, бұл біріктірілім кардиопротекция үшін ацетилсалицил қышқылының аз дозасын қабылдайтын пациенттерде сақтықпен пайдаланылуы тиіс.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сату шарттары

Рецептісіз

Тіркеу куәлігінің иесі

ШТАДА Арцнаймиттель АГ
Штадаштрассе 2-18
D-61118 Бад Вилбель, Германия
телефон: + 49 6101 603-0
телефакс: + 49 6101 603-259
эл. пошта:info@stada.de

Өндіруші

Такеда ГмбХ, Германия
Lehnitzstrasse 70-98, 16515 Oranienburg, Germany
Тел: +49 3301 8180
DE-Drugsafety@takeda.com

Қосымша ақпарат

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«ЕҰ «Нижфарм-Қазақстан» ЖШС
050011, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 258В үй
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95
e-mail: almaty@stada.kz

Сілтемелер

Посмотрите наличие товара в аптеках Вашего города

Карта Список
Далее

Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.

Өнім бойынша сұрақ қою
Кардиомагнил (таблеткалар)

Все поля обязательны для заполнения

Сіздің хабарламаңыз жіберілді!
Рақмет!

Сообщить о наличии

Введите адрес электронной почты, чтобы узнать, когда препарат снова появится в наличии

Ваше сообщение отправлено!
Спасибо!

eo