Сәйкестендіру және жіктеу
Дәрілік түрі
жергілікті қолдануға арналған гель
Шығару формасы
10 г-ден эпоксифенол шайыры негізінде іші қорғаныш лакпен жабылған, полиэтиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар алюминий сықпада.
Сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрамы
100 г гельдің құрамында
белсенді заттар: лидокаин гидрохлориді — 2,0 г түймедақ гүлдері экстрактісі (1:4-5) — 18,5 г қосымша заттар: бензалконий хлоридінің 50% ерітіндісі, даршын майы (қабық), натрий сахарині, карбомерлер, трометамол, құмырсқа қышқылы 98 %, этанол 96 %, тазартылған су.
Сипаттамасы
Қатты кристалдарсыз, сарғыш-қоңыр түсті гомогенді гель
Фармакотерапиялық тобы
Ас қорыту жолы және зат алмасу. Стоматологиялық препараттар. Ауыз қуысы ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа препараттар. Басқалары.
Фармакологиялық қасиеттері. Фармакодинамикасы
Лидокаин амид типті күшті жергілікті анестетик болып табылады, оның әсер ету механизмі жүйке талшықтарына натрий енуін бәсеңдетуге негізделген. Түймедақ, сондай-ақ оның гүлдерінен алынған сұйық экстрактінің құрамында түрлі құрылымды және оның қабынуға қарсы, бактерияға қарсы және регенерациялайтын қасиеттерін қамтамасыз ететін заттар кешені болады. Олардың ішінде анағұрлым 50%-дан астамын құрайтын сесквитерпендердің емдік маңызы зор, сондай-ақ хамазулен және α-бисаболол болып саналады.
Фармакологиялық қасиеттері. Фармакокинетикасы
Фармакокинетикасы зерттелмеген
Қолдану көрсетілімдері
Ауыз қуысы мен қызыл иектің орташа қабынуында
Қарсы көрсетілімдері
- препараттың кез келген компонентіне немесе басқа да жергілікті анестетиктерге аса жоғары сезімталдық
- 12 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік кезінде және емшек емізу кезінде қолдану
Жүктілік және лактация кезеңінде
Автокөлікті немесе басқа тетіктерді басқару кезінде реакция жылдамдығына әсер ету қабілеті
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі туралы деректер жоқ.
Қолдану тәсілі және дозасы
Ауыз қуысының шырышты қабығына жағуға арналған.
Ұзындығы ½ см
Препараттармен емдеу ұзақтығы шектелмеген. Егер қабыну симптомдары бір апта ішінде азаймаса, дәрігермен кеңесу қажет.
Артық мөлшер
Кері әсері
Препараттың жағымсыз әсерлері ағзалар жүйелерінің әрқайсысына қатысты кездесу жиілігіне байланысты, мынадай жіктеуді пайдаланып жүйеленген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1 000, <1/100), сирек (≥1/10 000, <1/1 000), өте сирек (<1/10 000) немесе белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалауға келмейтін).
Жиі емес
- гель жағылғаннан кейінгі өтпелі күйдіру сезімі
Өте сирек
- аллергиялық реакциялар (мысалы, жанаспалы аллергия), оның ішінде, айқаспалы аса жоғары сезімталдықтың есебінен күрделі гүлдер тұқымдас өсімдіктер (мысалы, кәдімгі жусанға) мен перу бальзамына (Myroxylon түрінің ағаштары қабығынан алынған қарамай) аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде.
Аса жоғары сезімталдық реакцияларының дамуы жағдайында препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігермен кеңескен жөн.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Айрықша нұсқаулар
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі
5 жыл
Сықпаны алғаш ашылғаннан кейінгі сақтау мерзімі — 12 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сату шарттары
Рецептісіз
Тіркеу куәлігінің иесі
ШТАДА Арцнаймиттель АГ, Германия
Өндіруші
Штадаштрассе 2 — 18
D-61118 Бад Вилбель, Германия
телефон: + 49 6101 603-0
телефакс: + 49 6101 603-259
веб сайт: http://www.stada.de
Қосымша ақпарат
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Нижфарм» АҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 2222-100, факс: (727) 398-64-95
e-mail: almaty@stada.kz
Сілтемелер
Посмотрите наличие товара в аптеках Вашего города
Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.