Сәйкестендіру және жіктеу
Дәрілік түрі
Дәрілік сусабын
Шығару формасы
60 мл препараттан пластик құтыларға салынады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Құрамы
құрамы (1 г сусабын құрамында):
белсенді зат — кетоконазол, 20 мг,
қосымша заттар: натрий лаурилсульфаты, динатрий лаурилсульфосукцинаты, кокос майының май қышқылдарының диэтаноламиді, коллаген гидролизаты, макрогол метилдекстроза диолеаты, хош иістендіргіш, имидомочевина, хлорсутек қышқылы, натрий гидроксиді, керемет қызыл бояғыш (Е 129), натрий хлориді, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән парфюмерлік иісі бар, қызыл-қызғылт сары сұйықтық.
Сипаттамасы
Өзіне тән парфюмерлік иісі бар, қызыл-қызғылт сары сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Тері ауруларын емдеуге арналған зеңге қарсы препараттар. Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Имидазол және триазол туындылары. Кетоконазол.
Қолдану көрсетілімдері
Дозалау режимі
Препаратты зақымданған жерлерге 3-5 минутқа жағыңыз, содан кейін сумен шайыңыз.
Қолдану ұзақтығы
Емі:
- кебек тәрізді теміреткі: күніне бір рет 5 күн ішінде
- себореялық дерматит және қайызғақ: 2-4 апта бойы аптасына екі рет
Профилактика:
- себореялық дерматит және қайызғақ: апта сайын немесе екі аптада 1 рет Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар нашарласа немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу керек.
Қарсы көрсетілімдері
- сусабын компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
- 12 жасқа дейінгі балалар (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)
Жүктілік кезінде және емшек емізу кезінде қолдану
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті және бала емізетін әйелдерге зерттеулер жүргізілген жоқ.
Автокөлікті немесе басқа тетіктерді басқару кезінде реакция жылдамдығына әсер ету қабілеті
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Қолдану тәсілі және дозасы
Дозалау режимі
Артық мөлшер
Низорал®, 2 % сусабынын қолданған кезде, артық дозалану болжанбайды, өйткені препарат тек сыртқы қолдануға арналған. Кездейсоқ жұтып қойған жағдайда демеуші (белсендірілген көмір) және симптоматикалық ем жүргізіледі. Аспирацияны болдырмау үшін құсу немесе асқазан шаюды қолдануға тыйым салынады.
Кері әсері
Жағымсыз дәрілік реакциялардың туындау жиілігі ДДҰ жіктемесіне сәйкес анықталған: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, ≤1/10), жиі емес (>1/1000, ≤1/100), сирек (>1/10000, ≤1/1000), өте сирек (1/10000-нан аз), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).
Жиі емес
- фолликулит
- дәмдік сезімталдықтың бұзылуы
- жас ағудың жоғарылауы
- таздану
- терінің құрғауы
- шаш текстурасының өзгеруі
- бөртпе
- терідегі шымылдату сезімі
- қолдану орнындағы эритема
- қолдану орнындағы тітіркену
- қолдану орнындағы қышыну
- қолдану орнындағы реакция
Сирек
- жоғары сезімталдық
- көздің шырышты қабығының тітіркенуі
- акне
- жанаспалы дерматит
- тері ауруы
- терінің қабыршықтануы
- қолдану орнындағы жоғары сезімталдық реакциясы
- қолдану орнындағы пустула
Белгісіз
- ангионевроздық ісіну
- шаш түсінің өзгеруі
- есекжем
Егер жоғарыда көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез-келгені нашарласа немесе нұсқаулықта көрсетілмеген басқа жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, дәрігерге хабарлаңыз.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Зерттелмеген.
Айрықша нұсқаулар
Сусабын қолданған кезде көзге тигізіп алмаңыз. Сусабын көзге түскен жағдайда, оларды сумен шаю керек.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі
3 жыл
Қаптаманы ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 24 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сату шарттары
Рецептсіз
Тіркеу куәлігінің иесі
ШТАДА Арцнаймиттель АГ
Штадаштрассе 2-18
D-61118 Бад Вилбель, Германия
телефон: + 49 6101 603-0
факс: + 49 6101 603-259
e-mail: info@stada.de
Өндіруші
Янссен Фармацевтика Н.В.
Turnhoutseweg 30,
В-2340, Beerse, Бельгия
тел.: +32 (0)14 60 21 11
janssen@jacbe.jnj.com
Қосымша ақпарат
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«ЕҰ «Нижфарм-Қазақстан» ЖШС
050011, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 258В үй
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95
E-mail: almaty@stada.kz
Сілтемелер
Посмотрите наличие товара в аптеках Вашего города
Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.