Сенімді серіктес ретінде адамдардың денсаулығына қамқорлық жасау миссиясын ұстана отырып, STADA тобы Қазақстанда нормативтік құжаттардың барлық талаптарына, оның ішінде Тиісті дистрибьюторлық практика ережелеріне сәйкес келетін сапалы және бәсекеге қабілетті дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды үздіксіз жеткізуді жүзеге асырады.

Сапаны қамтамасыз ету

Сапа саясаты кешенді басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Өндірістік қызметке қатысты тәсілдемелер мен қызметкерлердің мінез-құлық стандарттары STADA тобы тұтынушылардың, серіктестердің және барлық мүдделі тараптардың үміттерін толық қанағаттандыра алуы үшін үнемі жаңартылып, қайта қаралады.
Әрбір қызметкер сапа саласында дербес жауапты болады. Компания өз кезегінде персоналдың біліктілігі мен құзыреттілігін жүйелі және тұрақты түрде арттырып тұрады.

Өңір халқын сапалы, тиімді және қауіпсіз дәрілік препараттармен қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы STADA тобының барлық бизнес-процестері сапа менеджменті жүйесін жақсарту, сондай-ақ адами, материалдық және қаржылық ресурстарды бөлуді оңтайландыру үшін уақтылы шешімдер қабылдау арқасында тәуекелдерді үздіксіз бағалау және олардың теріс әсерін азайту негізінде құрылады.

Өнімнің өзгеріссіз жоғары сапасы, жұмыс міндеттері мен өзіне алған міндеттемелерін адал орындау — компанияның барлық деңгейлерінде енгізілетін басты қағида.
Компаниямыздың өнім портфеліндегі препараттардың сапасына қатысты сұрақтарыңыз немесе талап-тілектеріңіз болса, хабарласыңыз: dinara.anuarbek@stada.kz.
STADA холдингі компанияларының («Нижфарм» ААҚ, «МАКИЗ-ФАРМА» ЖШҚ, STADA Arzneimittel AG, «Хемофарм» ЖШҚ, Grunental) препараттарына барлық жағымсыз жанама әсерлер туралы Фармакологиялық қадағалау бөлімінде хабарлауға болады.