Цефекон® Д (Суппозиторийлер)
Цефекон® Д (Суппозиторийлер)
Сәйкестендіру және жіктеу
Дәрілік түрі
[Балаларға арналған] ректальді суппозиторийлер, 100 мг және 250 мг
Шығару формасы
5 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат – 100 мг немесе 250 мг парацетамол
қосымша зат – қатты май (витепсол (H 15, W 35 маркаcы), суппосир (NA 15, NAS 50 маркаcы)) - массасы 1,25 г суппозиторий алғанға дейін.
Сипаттамасы
Пішіні торпедо тәрізді, ақ немесе сарғыш немесе крем тәріздес реңді ақ түсті суппозиторийлер. Суппозиторий беткейінде ақ өңездің пайда болуына жол беріледі
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесі. Анальгетиктер. Басқа анальгетиктер және антипиретиктер. Анилидтер. Парацетамол
Қолдану көрсетілімдері
Цефекон® Д 100 мг ректальді суппозиторийлер 6 айдан 18 айга дейінгі балаларда қолданылады (дене салмағы 7-ден 10 кг дейін).
Цефекон® Д 250 мг ректальді суппозиторийлер 2 жастан 7-ге дейінгі балаларда қолданылады (дене салмағы 13-тен 20 кг дейін).
Дәрілік препарат келесі жағдайларда қолдануға арналған:
- жедел респираторлы-вирустық аурулар кезіндегі қызбада, тұмауда, балалар инфекциясында, екпеден кейінгі реакцияларда және дене қызуының көтерілуімен қатар жүретін басқа да жағдайларда
- әртүрлі генездегі әлсіз және орташа қарқындылықтағы ауыру синдромында (оның ішінде бас ауыруы, тіс ауыруы, невралгия, миалгия, жарақат пен күйік кездегі ауыру)
Қолдану бойынша ұсыныстар
Дозалау режимі
Цефекон® Д 100 мг ректальді суппозиторийлер 6 айдан 18 айга дейінгі балаларда қолданылады (дене салмағы 7-ден 10 кг дейін).
Цефекон® Д 250 мг ректальді суппозиторийлер 2 жастан 7-ге дейінгі балаларда қолданылады (дене салмағы 13-тен 20 кг дейін).
Цефекон® Д ректальді суппозиторийлердегі орташа бір реттік дозасы баланың салмағына байланысты және дене салмағының 15 мг / кг құрайды; қажет болған жағдайда бұл доза 6 сағаттан кейін, бірақ күніне 4 реттен көп емес қайталанады. Ең жоғары тәуліктік доза дене салмағына 60 мг / кг аспауы керек.
Дене салмағы 7-ден 10 кг дейінгі (әдетте 6-дан 18 айға дейін) балаларға 6 сағаттан кейін тәулігіне 4 рет 100 мг-ден 1 суппозиторий енгізіледі.
Дене салмағы 13-тен 20 кг дейінгі (әдетте 2 жастан 7-ге дейінгі) балаларға 6 сағаттан кейін тәулігіне 4 рет 250 мг-ден 1 суппозиторий енгізіледі.
Жергілікті уыттылық қаупіне байланысты суппозиторийлерді күніне 4 реттен артық қабылдау ұсынылмайды. Ұсынылған дозадан асырмау керек. Әсерге қол жеткізу үшін қажетті ең аз дозаны қабылдау керек.
Ұсынылған дозадан асырмау керек. Әсерге қол жеткізу үшін қажетті ең аз дозаны қабылдау керек.
Кейбір пациенттерде препаратты жүйелі түрде қолдану ауырсынудың немесе температураның ауытқуының алдын алуға көмектеседі. Бұл жағдайларда суппозиторийлерді үнемі, оның ішінде түнде, мүмкіндігінше 6 сағаттық аралықпен, бірақ 4 сағаттан кем емес енгізу керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы кезінде (креатинин клиренсі 10 мл / мин-ден аз), екі дозаның аралығы кем дегенде 8 сағатты құрауы керек.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.
Енгізу әдісі және жолы
Ректальді. Ішек өздігінен босағаннан немесе клизма арқылы тазалағаннан кейін суппозиторийді пішінді ұяшықты қаптамасынан алып, тік ішекке енгізеді. Препаратты диарея кезінде қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізде осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз.
Қарсы көрсетілімдері
- парацетамолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздік
- жақында болған тік ішектегі қабыну немесе қан кету (енгізу жолымен байланысты қолдануға болмайтын жағдай), диарея
- 6 айға дейінгі балалар
Сақтық шаралары
Цефекон®Д құрамында парацетамол бар. Парацетамолы бар басқа препараттармен бір уақытта қабылдауға болмайды, себебі бұл дозаланғанда пайда болуы мүмкін. Парацетамолдың тәуліктік дозасын 60 мг / кг алған балалар үшін басқа қызуды түсіретін дәріні қолдану тиімсіз болған жағдайда ғана негізделген.
Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы диагнозы бар және варфаринді немесе басқа сұйылтқыш дәрілерді қабылдап жүрген пациенттер препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.
Парацетамолдың артық дозалануы бауыр жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін, бұл бауыр трансплантациясын қажет етуі немесе өліммен аяқталуы мүмкін.
Глутатион деңгейі төмендеген пациенттерде бауыр қызметінің бұзылуы туралы хабарламалар болған (мысалы, ашығу, анорексия, дене салмағының төмен индексі, алкогольді созылмалы қолдану).
37 кг-ға дейінгі балаларда парацетамолдың тәуліктік дозасы 38 кг-нан асқан балаларда 80 мг / кг және 3 г аспауы керек.
Созылмалы бауыр ауруы парацетамол қабылдаған кезде бауырдың зақымдану қаупін арттырады.
Глутатион деңгейі төмендеген пациенттерде (мысалы, сепсис сияқты ауыр инфекциялармен ауыратын пациенттерде) парацетамол қабылдау метаболизмдік ацидоздың даму қаупін арттыруы мүмкін.
Препаратты 5-7 күннен артық қолданған кезде, шеткері қан көрінісін және бауыр функциясының жай-күйін бақылау керек.
Ұсынылған дозадан асырмаңыз.
Егер симптомдар сақталса, дәрігермен кеңесу керек.
Автокөлікті немесе басқа тетіктерді басқару кезінде реакция жылдамдығына әсер ету қабілеті
Препарат балаларда қолдануға арналған. Әсері жоқ.
Артық мөлшер
Балалар
Улану қаупі бар, әсіресе жас балаларда (артық дозалану немесе жиі кездейсоқ улану), бұл өлімге әкелуі мүмкін.
Парацетамолмен артық дозалану бауырдың қайтымсыз зақымдануына алып келуі мүмкін, ол бауырды трансплантациялауға немесе өлімге әкелуі мүмкін. Жедел панкреатит жағдайы, әдетте бауыр функциясы бұзылуы және гепатоуыттылығымен үйлесімде болған жағдайлар бақыланды.
Ұсынылған дозадан асып кеткен жағдайда өзін жақсы сезінгеннің өзінде, дереу медициналық көмекке жүгінген жөн, өйткені кейіннен болатын күрделі бауырдың зақымдану қаупі бар.
Баланың дене салмағына 125 мг/кг бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін бауырдың зақымдануы мүмкін.
Алғашқы 24 сағатта парацетамолмен жедел улану симптомдары жүрек айну, құсу, асқазанның ауыруы, тершеңдік, тері жабындарының бозаруы болып табылады. Бауырдың зақымдануы артық дозаланудан кейін 12-48 сағаттан соң анықталады.
Глюкоза метаболизмінің бұзылуы және метаболизмдік ацидоз туындауы мүмкін. Ауыр уланғанда бауыр жеткіліксіздігі энцефалопатияға, қан құйылуға, гипогликемияға, ми ісінуі және өліммен аяқталуға үдеп кетуі мүмкін. Өзекшелердің жедел некрозы бар жедел бүйрек жеткіліксіздігі белдің қатты ауыруымен, гематуриямен, протеинуриямен байқалуы және тіпті, бауырдың ауыр зақымдануынсыз дамуы мүмкін. Сондай-ақ жүрек аритмиясы мен панкреатит байқалған.
Емі: артық дозаланғанда жедел медициналық көмек қажет.
Пациентті артық дозаланудың ерте симптомдары болмаса да, дереу ауруханаға жеткізу керек. Симптомдар жүрек айну және құсумен шектелуі мүмкін немесе артық дозалану мен ағзалардың зақымдану қаупін көрсетпеуі ықтимал.
N-ацетилцистеинмен емдеуді парацетамол қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде жүргізуге болады, алайда осы антидоттың ең жоғары әсеріне қабылдаудан кейін 8 сағат ішінде қолданғанда қол жеткізіледі. Антидоттың тиімділігі осы уақыттан кейін күрт төмендейді. Қажет болғанда пациентке N-ацетилцистеинді ұсынылатын дозаға сәйкес вена ішіне енгізеді.
Симптоматикалық емдеу.
Кері әсері
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Өте сирек (<1/10 000)
- анафилаксия, аса жоғары сезімталдық реакциялары, тері бөртпесін, ангионевроздық ісінуді, Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермальді некролизді қоса
- тромбоцитопения, агранулоцитоз
- ацетилсалицил қышқылына және басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) (егер бұрын ацетилсалицил қышқылы немесе ҚҚСП қабылдағанда тыныс алудың бұзылуы байқалса, препаратты қабылдамаған жөн) жоғары сезімталдығы бар пациенттердегі бронх түйілуі
- бауыр функциясының бұзылуы
Белгісіз
- жергілікті: тік ішек шырышты қабығының тітіркенуі, анальді өтіс аймағындағы тітіркену
Жоғарыда аталған жағымсыз реакциялар туындағанда, сондай-ақ қышыну, бөртпе, терінің қабыршықтануы, ауыз қуысында ойық жараның түзілуі, тыныс алудың қиындауы, ерін, тіл, тамақ және беттің ісінуі, гематома, қан кету немесе препаратқа кез келген басқа қолайсыз реакция пайда болған кезде препаратты дереу тоқтату және дәрігерге қаралу керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ http://www.ndda.kz
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Препарат ұзақ уақыт бойы қабылдаған кезде тікелей емес антикоагулянттардың (варфариннің және басқа да кумариндердің) әсерін күшейтеді, ол қан кету қаупін күшейтеді; бір реттік доза елеулі әсер етпейді.
ХҚҚ көрсеткішіне тұрақты мониторинг жүргізу керек. Қажет болған жағдайда парацетамолды қолдану кезінде және оны тоқтатқаннан кейін пероральді антикоагулянттардың дозасын түзетуге жол беріледі.
Бауырдағы микросомальді тотығу стимуляторлары (фенитоин, этанол, барбитураттар, флумецинол, рифампицин, фенилбутазон, трициклді антидепрессанттар) этанол және гепатоуытты дәрілік заттар, тіпті артық дозалануы аз мөлшерде болғанның өзінде де уланудың ауыр түрі дамитындығына байланысты гидроксилденген белсенді метаболиттер өнімін арттырады.
Микросомальді тотығу тежегіштері (оған қоса циметидин) гепатоуыттылық әсерінің қаупін төмендетеді.
Салициллаттармен бірге қабылдаған кезде парацетамолдың нефроуыттылық әсері артады.
Хлорамфениколмен біріктіргенде, соңғысының уыттылық қасиеттерін арттырады.
Парацетамол урикозуриялық дәрілердің тиімділігін төмендетеді.
Парацетамолды қабылдау қандағы глюкозаның құрамын анықтау кезінде лабораториялық зерттеулердің нәтижелерін бұрмалануы мүмкін, егер шектен тыс жоғары концентрация жағдайында глюкоза оксидаза-пероксидаза реакциясына негізделген.
Парацетамолды қабылдау фосфорлы-вольфрам қышқылын қолдану әдісімен қандағы мочевина концентрациясын анықтау кезінде зертханалық зерттеулердің нәтижелерін бұрмалауы мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация
Қатысы жоқ.
Сақтау шарттары
20 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды!
Сату шарттары
Рецептісіз
Тіркеу куәлігінің иесі
«Нижфарм» АҚ, Ресей Федерациясы
603950, Нижний Новгород қ.,
Салганская к-сі, 7
тел.: (831) 278-80-88
факс: (831) 430-72-28
e-mail: med@stada.ru
Өндіруші
«Нижфарм» АҚ, Ресей Федерациясы
603950, Нижний Новгород қ.,
Салганская к-сі, 7
тел.: (831) 278-80-88
факс: (831) 430-72-28
e-mail: med@stada.ru
Қосымша ақпарат
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік зат жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Нижфарм» АҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 258В үй
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95
e-mail: almaty@stada.kz
Посмотрите наличие товара в аптеках Вашего города
Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.