Артқа

Витапрост® (суппозиторийлер)

Витапрост® (суппозиторийлер)

Лекарственное средство

Витапрост® (суппозиторийлер)

Лекарственное средство
Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.

Сәйкестендіру және жіктеу

АТХ коды
G04BX

Дәрілік түрі

Ректальді суппозиторийлер, 10 мг

Шығару формасы

5 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді зат белсенді зат — 50 мг простата экстрактісі (10 мг суда еритін пептидтердің мөлшеріне шаққанда), қосымша зат: қатты май (Витепсол H 15, W 35 маркасы, Суппосир NA 15, NAS 50 маркасы) — салмағы 1,25 г суппозиторий алғанға дейін.

Сипаттамасы

Пішіні торпеда тәрізді, ақтан сарғыштау реңді ақ түске дейінгі немесе реңі сұрлау-қоңыр түсті суппозиторийлер. Суппозиторий беткейінде ақ өңез пайда болуына және кесіндісінде ауалы өзекше мен құйғы тәрізді ойық болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары. Урологиялық препараттар. Басқа урологиялық препараттар.

Қолдану көрсетілімдері

  • созылмалы простатитте
  • қуық асты безіне жүргізілетін операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайларда

Қарсы көрсетілімдері

Препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

Сақтық шаралары

Тек ересек ер адамдарды емдеу үшін қолданылады; әйелдер мен балаларға қолданылмайды.

Созылмалы простатитті емдеу және қуық асты безіне жүргізілген операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайларда Витапрост® тағайындаумен қатар дәрілік препараттардың басқа топтарын және емдеудің дәрі-дәрмектік емес әдістерін қолдануды көздейтін емдеу кешенді болуы тиіс.

Созылмалы простатитті емдеу басталғанға дейін және қажет болған жағдайда емдеу үдерісінде қуықасты безінің секретіне талдау жүргізу ұсынылады.

Препаратты қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеу үшін қолдану кезеңінде осы ауруды стандартты бақылау жүргізу үшін дәрігерге үнемі бару керек. Емдеу курсын бастамас бұрын патология қатерсіз сипатты екеніне көз жеткізу қажет.

Автокөлікті немесе басқа тетіктерді басқару кезінде реакция жылдамдығына әсер ету қабілеті

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану тәсілі және дозасы

Ректальді, күніне 1 рет 1 суппозиторийден, ішектің өздігінен босауынан немесе тазартушы клизмадан кейін. Суппозиторийді енгізгеннен кейін пациенттің төсекте 30-40 минут жата тұрғаны дұрыс.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсының ұзақтығы — 10 күннен кем емес. Қажет болған жағдайда курстар қайталануы мүмкін.

Кері әсері

Жағымсыз дәрілік реакциялардың туындау жиілігі ДДҰ жіктеуіне сәйкес анықталған: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, ≤1/10), жиі емес (>1/1000, ≤1/100), сирек (>1/10000, ≤1/1000), өте сирек (1/10000-ден аз), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде жиілігін анықтау мүмкін емес). Жиілігі белгісіз: аллергиялық реакциялар.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Препарат кешенді емде қолданылуы мүмкін.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу немесе үйлесімсіздік жағдайлары сипатталмаған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сату шарттары

Рецептісіз

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нижфарм» АҚ, Ресей Федерациясы
603950, Нижний Новгород қ.,
Салганская к-сі, 7
тел.: (831) 278-80-88,
факс: (831) 430-72-28
e-mail: med@stada.ru

Өндіруші

«Нижфарм» АҚ, Ресей Федерациясы
603950, Нижний Новгород қ.,
Салганская к-сі, 7
тел.: (831) 278-80-88,
факс: (831) 430-72-28
e-mail: med@stada.ru

Қосымша ақпарат

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«Нижфарм» АҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95
e-mail: almaty@stada.kz

Посмотрите наличие товара в аптеках Вашего города

Карта Список
Далее

Басқа өнімдер

Витапрост® (таблеткалар)
Витапрост® (таблеткалар) Толық ақпарат алу
Витапрост® Форте (суппозиторийлер)
Витапрост® Форте (суппозиторийлер) Толық ақпарат алу

Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.

Өнім бойынша сұрақ қою
Витапрост® (суппозиторийлер)

Все поля обязательны для заполнения

Сіздің хабарламаңыз жіберілді!
Рақмет!

Сообщить о наличии

Введите адрес электронной почты, чтобы узнать, когда препарат снова появится в наличии

Ваше сообщение отправлено!
Спасибо!

eo