Витапрост® (таблеткалар)
Витапрост® (таблеткалар)
Сәйкестендіру және жіктеу
Дәрілік түрі
Ішекте еритін қабықпен қапталған 20 мг таблеткалар
Шығару формасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат — простата экстрактісі (20 мг суда еритін пептидтерге шаққанда) — 100 мг, қосымша заттар: сахароза, лактоза моногидраты, стеараты, кросповидон, микрокристалды целлюлоза, қабығы: метакрил қышқылы мен этилакрилат сополимері (1:1), титанның қостотығы (Е 171), тальк, триэтилцитрат, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий гидрокарбонаты, натрий лаурилсульфаты, индигокармин (Е 132).
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, көгілдірден ашық-көк түске дейінгі қабықпен қапталған таблеткалар, теңбілдері болуына жол беріледі
Фармакотерапиялық тобы
Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары. Урологиялық препараттар. Басқа урологиялық препараттар.
Қолдану көрсетілімдері
- созылмалы абактериялық простатиттің өршуінде кешенді ем құрамында
- қуық асты безіне операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайда
- қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында
Қарсы көрсетілімдері
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- лактаза тапшылығы, сахараза/изомальтаза тапшылығы, лактоза жақпаушылығы, фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы (препарат құрамында лактоза және сахароза бар)
- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Сақтық шаралары
Тек ересек ерлерді емдеу үшін қолданылады; әйелдер мен балаларда қолданылмайды.
Созылмалы простатитті және қуық асты безіне операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайларды емдеу,
Созылмалы простатитті емдеу басталғанға дейін және қажет болған жағдайда емдеу процесінде қуық асты безінің секретіне талдау жүргізу ұсынылады.
Препаратты қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеу үшін қолдану кезеңінде осы ауруды стандартты бақылау жүргізу үшін дәрігерге үнемі бару керек. Емдеу курсын бастамас бұрын, патологияның қатерсіз сипатқа ие екеніне көз жеткізу керек.
Қолдану тәсілі және дозасы
Дозалану режимі
Ішке, 1 таблеткадан күніне 2 рет.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы: қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында — 30 күннен кем емес, созылмалы простатиттің өршуі кезінде 1 таблеткадан күніне 2 рет кемінде 30 күн — жылына 1-2 рет қолданады.
Артық дозаланғанда қабылдау қажет шаралар
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Егер сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, кеңес алу үшін дәрігерге немесе медбикеге жүгініңіз.
Кері әсері
Жағымсыз дәрілік реакциялардың пайда болу жиілігі ДДҰ жіктемесіне сәйкес анықталған: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, ≤1/10), жиі емес (>1/1000, ≤1/100), сирек (>1/10000, ≤1/1000), өте сирек (1/10000-нан кем), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша белгіленуі мүмкін емес).
Өте сирек: аллергиялық реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Препарат кешенді емде қолданылуы мүмкін.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу жағдайлары немесе үйлесімсіздік сипатталмаған.
Айрықша нұсқаулар
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сату шарттары
Рецептісіз
Тіркеу куәлігінің иесі
«Нижфарм» АҚ, Ресей Федерациясы
603950, Нижний Новгород қ.,
Салганская к-сі, 7
тел.: (831) 278-80-88,
факс: (831) 430-72-28
e-mail: med@stada.ru
Өндіруші
«Нижфарм» АҚ, Ресей Федерациясы
603950, Нижний Новгород қ.,
Салганская к-сі, 7
тел.: (831) 278-80-88,
факс: (831) 430-72-28
e-mail: med@stada.ru
Қосымша ақпарат
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
«Нижфарм» АҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95
e-mail: almaty@stada.kz
Посмотрите наличие товара в аптеках Вашего города
Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.