Витрум® Плюс (таблеткалар)
Витрум® Плюс (таблеткалар)
Сәйкестендіру және жіктеу
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған таблеткалар
Шығару формасы
Полиэтиленнен жасалған бұрандалы қақпағы және фольгадан жасалған сақтандырғыш клапаны бар полиэтилен құтыда қабықпен қапталған 30, 60, 100 немесе 130 таблеткадан. Құтыға заттаңба жапсырылған және полиэтилен үлбірмен тарттырылған.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Құрамы
Активные вещества:
А витамині (ретинол ацетаты және бета-каротин) | 5000 |
D3 витамині (холекальциферол) | 400 |
Е витамині (альфа токоферол ацетаты) | 30 |
С витамині (аскорбин қышқылы) | 60 мг |
Фолий қышқылы | 400.00 мкг |
В1 витамині (тиамин мононитраты) | 1,50 мг |
В2 витамині (рибофлавин) | 1,70 мг |
В6 витамині (пиридоксин гидрохлориді) | 2.00 мг |
В12 витамині (цианокобаламин) | 6.00 мкг |
Никотинамид | 20.00 мг |
Биотин | 30.00 мкг |
Пантотен қышқылы (кальций пантотенаты) | 10.00 мг |
К1 витамині (фитоменадион) | 25.00 мкг |
Кальций (кальций гидрофосфаты) | 162.00 мг |
Калий (калий хлориді) | 40.00 мг |
Фосфор (кальций гидрофосфаты) | 125.00 мг |
Йод (калий йодиді) | 150.00 мкг |
Темір ( темір фумараты) | 18.00 мг |
Магний ( магний тотығы) | 100.00 мг |
Мыс (мыс тотығы) | 2.00 мг |
Мырыш (мырыш тотығы) | 15.00 мг |
Хлоридтер (калий хлориді) | 36,30 мг |
Хром (хром хлориді) | 25.00 мкг |
Молибден (натрий молибдаты) | 25.00 мкг |
Марганец (марганец сульфаты) | 2,50 мг |
Селен (натрий селенаты) | 25.00 мкг |
Қалайы (қалайы хлориді) | 10,00 мкг |
Никель (никель сульфаты) | 5,0 мкг |
Кремний (кремний тотығы) | 10.00 мкг |
Ванадий (натрий метаванадаты) | 10.00 мкг |
1 —1515 мкг ретинол эквивалентіне баламалы
2 —10 мкг холекальциферолға баламалы
3 —30 мг альфа токоферол ацетатына баламалы
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, қабық құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), триацетин, сары FD&C бояғыш #6 (Е110), қызыл FD&C бояғыш #40 (Е129).
Сипаттамасы
Бір жағында бөлгіш сызығы және екінші жағында «VITRUM» өрнегі бар шабдалы түстен ашық-шабдалы түске дейінгі, қабықпен қапталған капсула тәрізді таблеткалар. Өзіне тән иісі болуына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да минералды заттары бар поливитаминдер.
Фармакологиялық қасиеттері. Фармакодинамикасы
А витамині — көздің шырышты қабығының және тері эпителийі жасушаларының өсуі мен дифференцациялануын қалыпқа келтіреді, организмнің қорғаныс күштерін белсендіреді, иммунитеттің тиімділігі жоғары стимуляторы болып табылады, ісікке қарсы, вирусқа қарсы қорғанысты, аутоиммундық және иммун тапшылығы жай-күйлеріне тұрақтылықты қамтамасыз ететін Т-лимфоциттер мен макрофагтардың цитоуытты функцияларын белсендіреді.
Бета-каротин А витаминінің ізашары болып табылады. Иммуномодуляциялайтын әсер көрсетеді, В- және Т-лимфоциттер дифференцациялануын көтермелейді, бос радикалдардың белсенділігін жоюдың айқын қабілетіне ие.
D витамині — сүйек тіндерінің минералдануына қатысады, кальций мен фосфор метаболизміне әсер етеді.
Е витамині — жасуша жарғақшаларын бұзылудан қорғай отырып, олардың тұрақтылығын ұстап тұрады, липидтердің тотығуын тежеу және организмде тотығу-тотықсыздану және метаболизмдік үдерістерді тұрақтандыру есебінен айқын антиоксиданттық әсер көрсетеді.
С витамині — тіндер регенерациясына (қалыпқа келуіне) қатысады, қылтамырлар өткізгіштігін қалыпқа келтіреді, көптеген уытты заттарды залалсыздандырады және интерферондар синтезін ұлғайта отырып, иммунологиялық реакцияларда негізгі рөл атқарады.
Фолий қышқылы — қан түзу үдерістеріне қатысады, бауырдағы май алмасуына, холестерин мен бірқатар витаминдер алмасуына оң әсер етеді.
В1 витамині — орталық, шеткері жүйке жүйелерінің, жүрек-қантамыр және эндокринді жүйелердің қызметін қалыпқа келтіреді; көмірсу алмасуына қатысады.
В2 витамині — энергетикалық алмасу және биологиялық тотығу үдерістеріне қатысады, ультракүлгіннің шамадан тыс әсерінен көздің торқабығын қорғайды, жүйке жүйесінің, терінің, шырышты қабықтардың жұмысын жақсартады.
В6 витамині — орталық және шеткері жүйке жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруы үшін қажет.
В12 витамин — нуклеин қышқылдары синтезіне қатысады, қан түзу үдерістеріне әсер етеді, жүйке жүйесінің қызмет атқаруына әсер етеді; бауырдағы май алмасуына жағымды әсер етеді.
Никотинамид — организмде тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттейді, жасушалық тыныс алу үдерістерін реттеуге қатысады, жүрек бұлшықеті метаболизмін жақсартады, миокардтың жиырылғыш қабілетін күшейтеді.
Биотин — алмасу үдерістеріне қатысады, глюкоза, май қышқылдары, стероидты қосылыстар мен амин қышқылдары синтезі реакцияларында маңызды рөл атқарады.
Пантотен қышқылы — май қышқылдарының метаболизміне қатысады, липидтік алмасуды қалыпқа келтіреді, тіндердің дамуын және дифференцациялануын қамтамасыз етеді.
К1 витамині— қан ұю үдерісі үшін қажет, қантамыр жақтаулары тұрақтылығының жоғарылауына ықпал етеді.
Кальций — сүйек тінін құрайды және ұстап тұрады, жүйке-бұлшықет өткізгіштігін, жүректің жиырылу ырғағын, қан тамырлары тонусын қамтамасыз етеді. Организмдегі темір метаболизміне ықпал етеді.
Калий —амин қышқылдары мен глюкозаны жасушаларға тасымалдайды, жүйке импульстарының өткізгіштігіне жауап береді, бұлшықеттің (соның ішінде миокардтың) жиырылуын бақылайды, артериялық қысымның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Фосфор метаболизмдік үдерістерде, энергетикалық алмасуда маңызды рөл атқарады, ми, қаңқа және жүрек бұлшықеті жұмысына, бірқатар гормондар мен ферменттердің түзілуіне қатысады.
Йод — қалқанша без гормондары синтезін қамтамасыз етеді, барлық тіндер жасушаларының өсуіне және дифференцациялануына, барлық гормондардың метаболизміне қатысады.
Темір —электрондардың, оттегінің тасымалдануына жауап береді, тотығу-тотықсыздану реакцияларын қамтамасыз етеді, гемоглобин құрамына кіреді.
Магний — сүйек тіні құрылымын қалпына келтіреді, организмнің қорғаныс күштерін күшейтеді, қандағы холестерин деңгейін төмендетеді.
Мыс — оттегінің тіндерге тасымалдануына ықпал етеді, гемоглобиннің түзілуіне және эритроциттердің құралуына жауап береді, ақуыздар мен көмірсулардың сіңірілуін көтермелейді, организмге түсетін темірдің гемоглобинге айналуы үшін қажет, қалқанша без функциясын жақсартады.
Мырыш —инсулин мен басқа да гормондардың синтезін көтермелейді, орталық жүйке жүйесінің қызмет атқаруына оң әсер етеді.
Хлор — иондардың жарғақша арқылы тасымалдануында және биоэлектірлік потенциал түзілуінде маңызды рөл атқарады, бауырда гликогендердің жинақталуына ықпал етеді.
Хром — көмірсу алмасуы реттелуіне, жүрек бұлшықеті, тамырлар әрекетіне қатысады.
Молибден — пуриндер алмасуын және несеп қышқылының өндірілуін қамтамасыз етеді.
Марганец — организммен қан түзу үшін пайдаланылады, кейбір ферменттердің кофакторы болып табылады, көмірсу және минералды алмасуды реттейді, сүйек тіні құрамына кіреді, организмнің өсуін және эндокриндік жүйе функциясын көтермелейді.
Селен — антиоксидант, организмнің қорғаныс күштерін және орталық жүйке жүйесінің қызмет атқаруын көтермелейді.
Қалайы — темірдің алмасуына қатысатын ферменттердің белсенділігіне әсер етеді.
Никель — қан түзу үдерістерін көтермелейді, тіндердегі тотығу үдерістерін күшейтеді, көмірсу және липидтік алмасуларға қатысады.
Кремний —коллаген — дәнекер тіннің ақуызын құру үшін қажет, тырнақ, тері және шаштың сау қалпын ұстап тұруға ықпал етеді, кальцийдің сіңірілуі және сүйектердің құралу үдерісі үшін қажет. Кремний артерия қабырғаларының созылғыштығын ұстап тұру үшін қажет және жүрек-қантамыр ауруларының алдын алуда маңызды рөл атқарады.
Ванадий — жасушалық метаболизм үдерістеріне қажет, көмірсу алмасуын реттеуге қатысады, глюкозаның утилизациялануын көтермелейді, инсулиннің белсенділігін арттырады.
Фармакологиялық қасиеттері. Фармакокинетикасы
Қолдану көрсетілімдері
- гиповитаминоздың, авитаминоздардың, минералды заттардың және микроэлементтердің жеткіліксіздігінің профилактикасында және емдеуде
- қарқынды ақыл-ой және дене жүктемелерінде, бастан өткерген аурулардан кейін сауығу кезеңінде
- жеткіліксіз және теңдестірілмеген тамақтануда
Қарсы көрсетілімдері
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- А және D гипервитаминозы
- 18 жасқа дейінгі балаларға
Жүктілік кезінде және емшек емізу кезінде қолдану
Жүктілік және лактация кезеңінде тек дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдау керек.
Автокөлікті немесе басқа тетіктерді басқару кезінде реакция жылдамдығына әсер ету қабілеті
Әсер етпейді
Қолдану тәсілі және дозасы
Ересектерге тамақтан кейін күніне 1 таблеткадан. Препаратты қабылдау курсы 30 күн. Қайталау курстары дәрігердің ұсынуы бойынша жүргізіледі.
Артық мөлшер
Ұсынылған дозада және емдеу ұзақтығында
Артық дозалану жағдайында симптоматикалық ем ұсынылады.
Кері әсері
Болуы мүмкін:
- препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Осы уақытқа дейін
Витамин С сульфаниламидтер тобының микробқа қарсы дәрілерінің әсері мен жағымсыз әсерлерін күшейтеді.
Құрамында алюминий, магний, кальций, сондай-ақ, холестирамин бар антацидтік препараттар темірдің сіңірілуін төмендетеді.
Тиазидтер тобының диуретиктік дәрілерін бір уақытта тағайындағанда гиперкальциемия ықтималдығы жоғарылайды (қандағы кальций мөлшерінің артуы).
Айрықша нұсқаулар
Ұсынылған дозадан асырмау керек.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 10 — 30 оС температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сату шарттары
Рецептісіз
Тіркеу куәлігінің иесі
Юнифарм, Инк., АҚШ
Өндіруші
Юнифарм, Инк., АҚШ
Қосымша ақпарат
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«ЮНИФАРМ, ИНК.» (АҚШ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе
тел.: +7 (727) 244-50-04, факс: +7 (727) 244-50-06
info@unipharm.kz
Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«ЮНИФАРМ, ИНК.» (АҚШ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе
тел.: +7 (727) 244-50-04, факс: +7 (727) 244-50-06
info@unipharm.kz
Сілтемелер
Посмотрите наличие товара в аптеках Вашего города
Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.