Витрум® Витамин Аква Д3 (капли)
Витрум® Витамин Аква Д3 (капли)
Шығару формасы
15 мл мөлшерлегіш-помпасы бар құтыдағы майлы ерітінді.
Құрамы
орташа тізбекті триглицеридтер, альфа- токоферол антитотықтырғышы, D3 дәрумені (холекальциферол).
Сипаттамасы
ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕНІ ҚОЛДАУ ҮШІН D3 ДӘРУМЕНІ
D3 дәрумені иммундық жүйенің сау функцияларын қолдауға көмектеседі: иммунитеттің реакциясын реттейді, микробқа қарсы заттардың түзілуіне ықпал етеді.
БҰЛШЫҚЕТ ФУНКЦИЯСЫН ҚАЛЫПТЫ ҰСТАУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
D3 дәрумені бұлшықеттердің күшін (жұмысын) қолдайды, сонымен қатар нейротропты қасиеттерге ие. D3 дәрумені жетіспеушілігінің белгілері бұлшықет әлсіздігі, жүйке аурулары, ұйқысыздық және тітіркену болып табылады.
КАЛЬЦИЙДІҢ СІҢУІН ЖАҚСАРТУ
D3 дәруменінің негізгі физиологиялық қызметі ағзадағы кальций мен фосфордың тепе-теңдігін сақтау болып табылады, ол тістер мен сүйектердің қалыпты қалыптасуы үшін қажет. Кальцийдің тиімді сіңуі үшін майда еритін D3 дәрумені қажет. D3 дәрумені ішекте кальцийдің сіңуіне ықпал етеді және сүйек тінінің минералдануын қамтамасыз ету үшін қандағы кальций мен фосфаттардың қажетті деңгейін сақтайды. Сондай-ақ, балалардағы сүйектердің өсуі және ересектердегі сүйектердің жаңару процесі үшін қажет. D3 дәруменінің оңтайлы мөлшерін ағзаға енуі сүйек тінін кальцификациялау процестерінің қалыпты жүруі үшін қажетті шарт болып табылады. D3 дәрумені жетіспеушігі кезінде бұл үдерістер бұзылады.
Қолдану көрсетілімдері
D3 дәруменінің қосымша көзі, тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде.
Қолдану бойынша ұсыныстар
1 жастан бастап балаларға және ересектерге тамақтанғаннан кейін күніне 1 рет мөлшерлегішке 1 рет (0,05 мл/13 мкг) басудан.
Қарсы көрсетілімдері
компоненттерге жеке төзбеушілік. 14 жасқа дейінгі балаларға педиатр- дәрігердің келісімі бойынша және бақылауымен қабылдау. Жүкті және бала емізетін әйелдерді дәрігердің бақылауымен қабылдау.
Қолдану тәсілі және дозасы
1 жастан бастап балаларға және ересектерге тамақтанғаннан кейін күніне 1 рет мөлшерлегішке 1 рет (0,05 мл/13 мкг) басудан.
Сақтау шарттары
құрғақ, күн сәулесінің тікелей түсуінен қорғалған, 25 °С жоғары емес температурада балалардың қолы жетпейтін жерде.
Жарамдылық мерзімі
2 жыл.
Сату шарттары
халыққа. Іске асыру орындары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында айқындалады.
Тіркеу куәлігінің иесі
«EҰ «Нижфарм- Казахстан» ЖШС, 050011, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 258В үй,
тел.: (727) 2222-100, факс: (727) 398-64- 95,
e-mail: almaty@stada.kz
24.01.2022 ж. № AM.01.07.01.003.R.000067.01.22 мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
Өндіруші
«DSL Food s.r.o.», B. Martinu 120/1, Olomouc-Tynecek,, Чех Республикасы «Walmark, a.s.», Oldrichovice 44, 739 61 Trinec, Чех Республикасы тапсырысы бойынша.
Посмотрите наличие товара в аптеках Вашего города
Сайтта ұсынылған ақпарат өз бетінше диагностика жасау және емделу үшін пайдаланылмауы тиіс және дәрігердің көзбе-көз кеңесін алмастыра алмайды.