Артқа

Біз кімбіз

STADA AG

STADA — халықаралық фармацевтикалық компания, ол 125 жылдан аса уақыттан бері серіктестерімен және тұтынушыларымен сенімді қарым-қатынас құра отырып, адамдардың денсаулығына қамқор болу міндетін атқарып келеді.

STADA AG 1895 жылы Дрезден қаласында дәрі-дәрмектерді әзірлеу және өндірумен айналысатын фармацевтер кооперативі ретінде құрылды. Компанияның атауы St.d.A - Standard Arzneimittel die Deutscher Apotheke деген аббревиатура болып табылады, бұл қазақ тіліне аударғанда «Неміс дәріханалары препараттарының стандарты» дегенді білдіреді.

Бүгінгі таңда STADA өнімдері әлемнің 120 елінде, соның ішінде Қазақстанда және басқа ТМД елдерінде ұсынылған.

3,010
Жалпы сату тобы (млн еуро)
713
Жалпы EBITDA (млн еуро)
~ 120
Stada өз өнімдерін сататын
12,300
Кызметкер

STADA бизнесінің негізгі бағыттары — Consumer Healthcare сегменті және мамандандырылған препараттарды қоса алғанда, дженериктер. Компания бүкіл әлемде осы салаларда өз бизнесін органикалық түрде және сатып алу арқылы кеңейтуді жалғастыруда.

STADA тобына бүкіл әлем бойынша 20-дан астам өндірістік алаң кіреді.

STADA – бұл үлкен қоржыны бар компания. Қазақстанда дәстүрлі неміс сапасының жоғары стандарттарына сәйкес келетін 150-ден астам өнімі бар.

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Бұл бөлімде компания туралы соңғы жаңалықтар, медиа контент, корпоративтік әлеуметтік медиа, сондай-ақ STADA туралы анықтамалық ақпарат жинақталған баспасөз-киті қамтылған.

Мансап

STADA-да біз қуана жұмыс істейміз! Біздің жоғары сапалы өнімдеріміз, басшыларымыз - танымал кәсіби мамандар, біздің даму қарқынымыз бізді таңғалдырады. STADA командасының мүшесі болғыңыз келе ме?

Толық ақпарат алу
Мансап
eo