Таблетка сатып алдыңыз, нұсқаулықты оқып шықтыңыз — емделгіңіз келмей қалды. Кері әсерлердің тізімі қорқынышты болуы мүмкін, әсіресе, егер дәріні сізге бірінші рет белгілеген жағдайда. Шын мәнінде, ықтимал әсерлерден қорқудың, тіпті, емнен бас тартудың қажеті жоқ. Неге екенін түсіндірейік.
10 жылға дейін созылатын клиникалық және постклиникалық сынақтар кезінде фармкомпаниялардың қызметкерлері пациенттермен болған барлық оқиғаларды тіркейді. Жағдайдың әр өзгерісі жазылады, тіпті, егер оның жиілігі 100 000-ға 1 жағдай болса да. Мұның бәрі дәрі-дәрмек қорабына салынған нұсқауларға енгізіледі. Ол сатылымда болған кезде кері әсерлерді есепке алу тоқтатылмайды. Науқастар әдетте, жағымсыз реакцияның түрлерін толтырады, ал фармакологиялық қадағалау қызметкерлері кері әсерлердің жиілігін талдау үшін жалпы статистика жасайды. Дәріні қосымша зерттеуге және пысықтауға жіберуі, не мүлде алып тастауы мүмкін.
Өзіңізді кері әсерлерден қорғау үшін алдымен «Кері әсерлер» бөлімін оқып шығуды ұсынамыз.
Егер препарат балаға, қарт адамға немесе жүкті әйелге белгіленген болса, абай болыңыз: алдымен оны қолдануға болатындығын тексеру керек. Тізімдегі симптомдар пайда болса, бірден дәрігерге бұл жайында айтыңыз. Егер бұрын дәрі-дәрмектерге жағымсыз реакциялар болса, дәрі белгілегенге дейін маманға хабарлаңыз.
- Ұйқышылдық. Барлық кері әсерлер препаратты тоқтатуды қажет етпейді. Кейбіреулер қауіпті емес және біртіндеп өзі басылады, мысалы, ұйқышылдық. Ол аллергияға қарсы препараттарды қабылдау кезінде пайда болуы мүмкін және науқасқа зиян тигізбейді. Емделу кезінде тек көлік жүргізуден бас тарту керек болады.
- Жөтел. Мөлшерін дұрыс таңдамаған кезде кейбір гипотензивті дәрілер жөтелге әкелуі мүмкін. Бұл қауіпті емес, бірақ дәрігерге кері әсерлер туралы хабарлау керек. Маман мөлшерін түзете алады немесе препаратты алмастыра алады.
Қауіпті кері әсерлер
Кейбір кері әсерлер науқастың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Олар аз кездеседі, бірақ мұндай әсерлер орын алған жағдайда оларды өте маңызды деп қабылдаңыз: дереу емдеуші дәрігерге хабарлаңыз.
Рабдомиолиз
Рабдомиолиз немесе бұлшықет тінінің ыдырауы статиндер мен жүрек-қантамыр жүйесі препараттарын қабылдау кезінде орын алуы мүмкін. Көбінесе бұл кері әсер қарттар мен спортшыларда байқалады. Белгілері – бұлшықет әлсіздігі, ауырсыну, бұлшықеттің ісінуі, қысымның төмендеуі, жүрек айну және тахикардия болуы мүмкін.
Анафилактикалық шокқа
Анафилактикалық шокқа дейінгі аллергиялық реакция – ең ауыр кері әсерлердің бірі. Ондағы белгілер өте тез көрінеді. Бұл естен тану, есекжем, қысымның төмендеуі және құрысулар болуы мүмкін. Көбінесе аллергияның себебі – пенициллиндер мен цефалоспориндер тобының антибиотиктері, жергілікті және жалпы анестетиктер немесе туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектер. Олар күшті реакцияны тудыруы мүмкін болғандықтан, алғашқы бірнеше әдістерді дәрігердің бақылауымен жүргізу ұсынылады.
Квинке ісігі
Квинке ісігі де аллергиялық реакция болып табылады, бірақ бұл кері әсер көмей аймағын жауып қалатындығымен өте қауіпті. Бұл жағдайда уақытылы жедел жәрдем шақыру өте маңызды, әйтпесе асфиксия пайда болады. Бұл реакцияны антибиотиктер, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, кейбір миорелаксанттар, анестетиктер және аллерген-спецификалық иммунологиялық терапияда қолданылатын дәрілер тудыруы мүмкін.
Мөлшерлеу
Препарат дұрыс әсер етуі және жағымсыз әсерлер тудырмауы үшін терапевтік мөлшерді сақтау керек. Дәрігер оны жынысына, жасына және салмағына қарай белгілейді. Кейде әртүрлі ауруларды емдеу үшін бірдей құрал әртүрлі мөлшерде қолданылады: бір патологияда белгілі бір мөлшер емдік болады, ал екіншісінде қауіпті болады. Сонымен, тіпті, зиянсыз аспирин шамадан тыс мөлшерде қолданылса, денсаулығыңызға қауіп төндіруі мүмкін. Қанды «сұйылтуға» арналған кейбір дәрі-дәрмектер организмдегі зат алмасудың өзгеруіне өте сезімтал, сондықтан маман кейінірек олардың мөлшерін өзгерте алады. Егер оны бақыламаса, препарат қатты қан кетуді тудырады.
Құралды ұзақ уақыт қолданған кезде тәуелділік пайда болуы мүмкін. Бұл әсер дәрі-дәрмектің көбірек мөлшерін қолданған кезде пайда болады дегенді білдіреді. Мысалы, жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарда нитроглицеринге төзімділік пайда болуы мүмкін.
Шамадан тыс мөлшерлеуге немесе тәуелділікке жол бермес үшін дәрігер пациенттің қабылдауға қайта келуін өтінеді. Осылайша маман дәрі-дәрмектің нәтижесі бар-жоғын анықтайды. Егер жоқ болса, препараттың мөлшерін түзетеді немесе басқасын белгілейді.