<link rel="stylesheet" href="/css/modules/static-nojs.css">
← Барлық жаңалықтар

STADA Kazakhstan

STADA 2025 жылдың қорытындысы бойынша тұрақты өсім көрсетуін жалғастыруда

Топтың түзетілген түсімі 6%-ға өсіп, 4,3 млрд еуроны құрады, бұл ретте барлық үш сегмент — мамандандырылған препараттар, тұтынушылық денсаулық сақтау және дженериктер — 2025 жылы өсім көрсетті; тұрақты валюта бағамындағы түзетілген EBITDA көрсеткіші 8%-ға ұлғайып, 961 млн еуроға жетті.

2025 жылы STADA компаниясының мамандандырылған препараттар сегментінің түсімі алғаш рет 1 млрд еуродан асты, бұл биосимилярлар мен инновациялық дәрілік препараттардың есебінен 17%-дық өсімді көрсетті.

STADA Бас директоры (CEO) Питер Гольдшмидт: «Біздің барлық өңірлеріміз – Батыс Еуропа, Орталық және Шығыс Еуропа, Германия, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Азия – біздің өсуімізге айтарлықтай үлес қосты. Барлық үш сегменттегі бірқатар препараттарды сәтті іске қосу салалық деңгейден озып түсетін өсімнің негізгі драйверлеріне айналды. Сонымен қатар, тек 2025 жылдың өзінде біз 110 жаңа өнімді лицензияладық, бұл табысты болашақ үшін бұдан да қуатты әзірлемелер портфелін қамтамасыз етті».

Бад-Фильбль, Германия – 2026 ж. 18 наурыз – 2025 жылы STADA компаниясы өзінің үш сегментті стратегиясының тиімділігін тағы да дәлелдеді, бұл стратегия емделушілер мен медицина қызметкерлерін тұтынушылық денсаулық сақтау, дженериктер және инновациялық дәрілерді қоса алғанда, мамандандырылған препараттар сегменттеріндегі дәрілік заттар мен денсаулыққа арналған өнімдердің кең ассортиментімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Топтың тұрақты валюта бағамындағы түзетілген түсімі (adj. cc) 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша 6%-ға артып, 4,3 млрд еуроны құрады. Топтың біржолғы баптарға түзетілген және тұрақты айырбас бағамдарындағы пайыздарды, салықтарды және амортизацияны шегергенге дейінгі пайдасы (EBITDA) 8%-ға өсіп, 961 млн еуроға жетті.

«Біздің барлық өңірлеріміз – Батыс Еуропа, Орталық және Шығыс Еуропа, Германия, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Азия – өсімімізге елеулі үлес қосты. Барлық үш сегменттегі бірқатар препараттарды сәтті іске қосу салалық деңгейден жоғары өсімнің негізгі драйверлеріне айналды. Сонымен қатар, тек 2025 жылдың өзінде біз 110 жаңа өнімді лицензияладық, бұл табысты болашақ үшін бұдан да қуатты әзірлемелер портфелін қамтамасыз етті», – деп түсіндірді STADA бас директоры (CEO) Питер Гольдшмидт.

Биосимилярлар мен инновациялық препараттардың өсімі мамандандырылған препараттар сегментіне 1 миллиард еуро белгісін еңсеруге мүмкіндік берді

Specialty сегментінің түсімі тұрақты валютадағы түзетілген база бойынша 17%-ға өсті және қазіргі уақытта Топтың жалпы түсімінің шамамен төрттен бір бөлігін құрайды.

Осылайша, сегмент соңғы жылдардағы екі таңбалы өсу қарқынының траекториясын сақтап қалды.

Еуропа мен Қытайдағы әзірлеушілермен сенімді серіктестікке, сондай-ақ барлық еуропалық елдердегі мықты маркетингтік және сату платформасына сүйене отырып, биосимилярлардың сатылымы екі таңбалы өсу қарқынын көрсетті. Негізгі қозғаушы факторлар — өзі шығарылған 20-дан астам нарықтың барлығында жетекші орындарға ие болған Uzpruvo (ustekinumab) препаратының тұрақты өсімі, сонымен қатар сүйек тінінің саулығы, иммунология және онкологияны қоса алғанда, терапиялық салалардың кең ауқымындағы қолданыстағы биосимилярлар қоржынының (портфелінің) одан әрі дамуы болды.

2026 жылға бес биосимилярды іске қосу жоспарланған, оның ішінде golimumab және tocilizumab бар. Осылайша, STADA Еуропадағы биосимилярлар нарығындағы көшбасшылардың бірі ретіндегі позициясын нығайта түсуде. Компанияның қоржынында мақұлданған 11 өнім бар, содай-ақ Еуропадағы географиялық қамтуы мен пациенттер санын ескергенде, оған тең келетін бәсекелестер некен-саяқ.

Инновациялық дәрілік препараттар да алға ілгерілеп, пациенттердің нефрология мен неврологиядағы ауыр жағдайларын емдеудің үздік әдістеріне қолжетімділігін кеңейтті.

Kinpeygo препаратының өсімінің жоғары екі таңбалы көрсеткіштері қолдану көрсетілімдерінің сәтті кеңеюіне байланысты болды, бұл препаратты сирек кездесетін IgAN бүйрек ауруы бар емделушілердің кеңірек тобына қолдануға мүмкіндік берді. Еуропаның 19 елінде іске қосылғаннан кейін, Kinpeygo-ны енгізу процесі KDIGO клиникалық ұсынымдарына енгізілуінің, сондай-ақ клиникалық қолданудағы қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің арқасында одан әрі жеделдеді. Қосымша нарықтарға шығу 2026 жылға және одан кейінгі жылдарға жоспарланған.

Неврология саласында Lecigon ішекке енгізу инфузиялық помпасының Франция мен Ұлыбританияны қоса алғанда, қосымша елдерде іске қосылуы Паркинсон ауруының соңғы сатысындағы адамдар үшін қолжетімділікті арттырды. Паркинсонизмнің орташа және ауыр дәрежесіндегі пациенттерді емдеуде тері астындағы инфузияға арналған құрылғыда қолданылатын apomorphine ерітіндісімен Еуропада кең табысқа жеткен STADA, Supernus серіктесімен бірлесіп бұл терапияны ONAPGO брендімен АҚШ-тың ірі нарығына шығарды. Сонымен қатар, 2025 жылы STADA nilotinib және paclitaxel albumin препараттарын іске қосу арқылы онкологиялық Specialty портфелін кеңейтті.

Rivaroxaban – дженериктер сегментіндегі нарықтың озық өсімінің драйвері

2025 жылы дженериктер сегментінің түсімі 5%-ға (adj. cc) өсті, бұл ретте сегмент Еуропа нарығынан озуын жалғастырды. Дженериктердің өсімі негізінен зияткерлік меншік саласындағы мықты позицияның арқасында жүзеге асырылған rivaroxaban-ның сәтті іске қосылуымен қамтамасыз етілді. Препараттарды нарыққа сәтті шығару және коммерциялық синергиялар Германия, Италия, Испания, Бельгия, Ирландия, Солтүстік Еуропа елдері, Сербия және Швейцария сияқты елдердегі генериктердің бөлшек сауда нарығында STADA-ның үздік үш компанияның қатарындағы позициясын нығайтты.

Generics сегментінің нәтижелеріне кардиологиялық препараттар, соның ішінде apixaban, dabigatran және ticagrelor, сондай-ақ бірқатар статиндер қосымша үлес қосты. Сонымен қатар, STADA жергілікті генериктер қоржынындағы олқылықтарды толтыру есебінен, мысалы, Бельгияда enoxaparin препаратын және Ұлыбританияда Proxor (beclomethasone/formoterol) ингаляторын нарыққа шығару арқылы да табысқа жетті.

Тұтынушылық денсаулық сақтау сегменті суық тию мен тұмау маусымының бәсеңдігіне қарамастан, жергілікті жетекші брендтердің есебінен өсіп жатыр

Негізгі нарықтарда суық тию мен тұмаумен сырқаттанушылық деңгейінің салыстырмалы түрде төмен болғанына қарамастан, тұтынушылық денсаулық сақтау сегменті 2025 жылы жақсы нәтижелерге жетіп, түсімнің 2%-ға (adj. cc) өскенін көрсетті. Суық тию және тұмауға қарсы құралдар санатынан тыс жерде STADA компаниясы дерматологиядағы Nizoral, Levomecol және Cetraben; гастроэнтерологиядағы Elotrans және Protectis; сондай-ақ дәрумендер, минералдар және нутрицевтиктер санатындағы Eunova, Walmark пен Natures Aid сияқты әртүрлі санаттардағы ұлттық рейтингтердің алғашқы қатарларына кіретін брендтердің рекордтық санының тұрақты жоғары нәтижелері есебінен орташа бір таңбалы көрсеткіш (mid-single-digit) деңгейінде өсімді қамтамасыз етті. Сегмент Nizoral брендімен бас терісіне күтім жасау құралдарының желісін кеңейту, соның ішінде Nizoral Care Conditioner және Nizoral Cream өнімдерін шығару сияқты бірқатар маңызды препараттарды іске қосу мен өнім желілерін ұлғайту есебінен ілгерілеуді жалғастырды. STADA-ның Ұлыбританиядағы жетекші бренді — Zoflora, үй гигиенасы және дезинфекциялау құралдары сегменттеріндегі өнім желісінің кеңеюі арқасында табысқа жетті.

Тұтынушылық трендтерді ескере отырып және оларды болжай отырып, STADA компаниясы Топтың медиа-бюджеттерінің жартысынан астамын цифрлық арналарға бағыттау арқылы 2022-2025 жылдар аралығында eCommerce сауда-саттық көлемін екі есеге жуық арттырды. Компания географиялық қамту аясын кеңейту және Google, TikTok және Instagram платформаларында тұтынушылармен өзара іс-қимылдың омниканалды тәсілін іске асыру, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерін мақсатты түрде пайдалану арқылы eCommerce өсімін жеделдетуді жалғастыруда.

Дүниежүзі бойынша сатып алу үшін әлеуетті мәмілелерді бағалау

«Тұтынушылық денсаулық сақтау саласындағы бизнесті одан әрі дамыту үшін, – деп атап өтті Гольдшмидт, – біз өзіміздің ішкі әзірлемелеріміздің мықты портфелін толықтыра отырып, СНС (өзін-өзі емдеу) саласындағы кең платформамызды нығайту мақсатында бүкіл әлем бойынша сатып алуға болатын әлеуетті нысандарды белсенді түрде бағалаудамыз. Сонымен қатар, біз дерматология, алдын алу шаралары және wellness сияқты неғұрлым серпінді дамып келе жатқан санаттарда брендтер портфелін кеңейту мүмкіндіктерін пайдалануды жалғастыра береміз».

Болашақ әзірлемелер портфелін дәйекті қалыптастыру

«Біздің онкологиялық pipeline жоғары әлеуетке ие және оның құрамына enzalutamide және ruxolitinib сияқты молекулалар кіреді, ал кардиоваскулярлық препараттар санатында біз rivaroxaban-ның ағымдағы іске қосылуын apixaban және edoxaban препараттарымен толықтырамыз.».

«Биосимиляр саласындағы серіктестігіміз 2025 жылдың соңында Еуропада denosumab-ты шығарудың жалғасы ретінде, golimumab және tocilizumab сияқты бәсекелестік деңгейі салыстырмалы түрде төмен нарықтарға тез шығуды қамтамасыз етеді, – деп жалғастырды Гольдшмидт. – 2025 жылы жасалған бизнесті дамыту және лицензиялау (BD&L) бойынша 110 мәміленің, сондай-ақ әзірлемелер мен лицензиялау саласындағы кең серіктестік желісінің арқасында біз алдағы көптеген жылдарға арналған жоғары әлеуетті жобалар портфелін қалыптастырдық».

«Біз жақсы жасақталған әзірлемелер портфелінің және қант диабеті мен артық салмақты емдеуге арналған GLP-1 препараттарының эксклюзивтілік мерзімдерінің аяқталуына байланысты мүмкіндіктерді пайдалануға бағытталған стратегиямыздың арқасында толықтай дайынбыз. Бұл semaglutide негізіндегі Ozempic пен Wegovy, сондай-ақ liragutide негізіндегі Saxenda мен Victoza сияқты блокбастер-брендтерге қатысты. Сонымен қатар, SGLT-2 ингибиторы empagliflozin қант диабеті терапиясындағы біздің портфеліміздің негізгі активі болып табылады».

Корпоративтік мәдениет тиімділікті айқындайды

STADA-ның Еуропадағы TOP Employer Europe мәртебесін жақында тағы да иеленгенін, Қазақстанда қатарынан екінші жыл TOP Employer сертификатын алуын, сондай-ақ соңғы сауалнамаға қызметкерлердің 88%-ы қатысқанын және әрбір бес қызметкердің төртеуі STADA-да жұмыс істейтінін мақтан тұтатынын (бұл салалық орташа көрсеткіштерден айтарлықтай жоғары) атап өте отырып, Гольдшмидт былай деп қорытындылады: «STADA компаниясына нарықтан тұрақты түрде озып отыруға мүмкіндік беретін нәрсе — біздің операциялық қызметіміз бен әзірлемелер портфеліміздің әлеуетінен бөлек, бірегей One STADA рухымыз бен өсу мәдениетіміз. Дүниежүзі бойынша 12 000-ға жуық қызметкеріміздің ерекше белсенділігі — олардың жартысынан астамы өндірістік алаңдарда жұмыс істеп, пациенттерді дәрілік препараттармен сенімді түрде қамтамасыз етуде — біздің тұрақты даму жолымыздың негізі және «Сенімді серіктес ретінде адамдардың денсаулығына қамқорлық жасау» миссиясына адалдығымыздың айғағы».

STADA Arzneimittel AG компаниясы туралы

STADA Arzneimittel AG штаб-пәтері Германияның Бад-Фильбель қаласында орналасқан. Компания үш негізгі бағытқа негізделген стратегияны жүзеге асырады: тұтынушылық денсаулық сақтау тауарлары (consumer healthcare products), генерикалық дәрілік препараттар (generics) және мамандандырылған фармацевтика (specialty pharma). STADA Arzneimittel AG өз өнімдерін бүкіл әлем бойынша 100-ден астам елде сатады. 2025 қаржы жылында STADA-ның топтық сатылым көлемі 4 296 млн еуроға, ал тұрақты валютадағы түзетілген EBITDA көрсеткіші (adj. cc EBITDA) 961 млн еуроға жетті. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша STADA-ның бүкіл әлемдегі қызметкерлерінің саны 11 749 адамды құрады.

Журналистерге арналған қосымша ақпарат

STADA Arzneimittel AG – БАҚ-пен байланыс бөлімі Stadastrasse 2–18, 61118 Бад-Фильбль, Германия Тел.: +49 (0) 6101 603-165 E-mail: press@stada.de Толығырақ ақпарат — біздің онлайн пресс-орталығымызда: https://www.stada.com/media/newsroom LinkedIn желісіндегі @stadaGroup парақшасын қараңыз

Қаржы нарығына қатысушыларға арналған қосымша ақпарат

STADA Arzneimittel AG – Инвесторлармен және несие берушілермен жұмыс жөніндегі бөлім (Investor & Creditor Relations) Stadastrasse 2–18, 61118 Бад-Фильбель, Германия Тел.: +49 (0) 6101 603-4689 Факс: +49 (0) 6101 603-215 E-mail: ir@stada.de Толығырақ ақпарат – инвесторларға арналған бөлімде: https://www.stada.com/investor-relations/

STADA сайттарында сайттың жұмысына әсер етпейтін кейбір cookie файлдары пайдаланылуы мүмкін. Біз оларды жеке пайдаланушылардың әрекеттерін бақылау немесе олардың кім екенін анықтау үшін емес, сайттардың қалай пайдаланылатыны туралы пайдалы мәлімет алу үшін қолданамыз. Бұл сайт жұмысын пайдаланушыларға ыңғайлы етуге көмектеседі. Cookie файлдарын пайдаланатын жүйелерден алынған білім бізге тиісті қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді. Келушінің веб-сайтты пайдалануы туралы ақпарат STADA Arzneimittel AG тобының басқа компанияларына берілуі мүмкін. Cookie файлдарын жою немесе басқару туралы ақпарат мына сайтта қолжетімді:

aboutcookies.org