<link rel="stylesheet" href="/css/modules/static-nojs.css">
← Барлық жаңалықтар

STADA Kazakhstan

«CapVest» компаниясы «STADA» акцияларының бақылау пакетін сатып алуды аяқтады

Бад-Фильбель, Германия / Лондон, Ұлыбритания — 2026 жылғы 31 наурыз — CapVest Partners LLP («CapVest») инвестициялық компаниясы тұтынушылық денсаулық сақтау, дженериктер және мамандандырылған дәрілік препараттар саласына бағытталған денсаулық сақтау мен фармацевтика саласындағы жетекші халықаралық компаниялардың бірі — STADA Arzneimittel AG («STADA» немесе «Компания») акцияларының бақылау пакетін сатып алу бойынша мәміленің аяқталғанын жариялады.

2025 жылғы айтарлықтай нәтижелерге сүйене отырып, мәміленің аяқталуы CapVest пен STADA командаларына компанияның жаһандық өсімін жеделдету бойынша өршіл жоспарларды бірлесіп жүзеге асыруға, сондай-ақ капиталды ішкі өсімді дамыту мен жаңа стратегиялық сатып алуларға бағыттауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда STADA компаниясында бүкіл әлем бойынша 12 000-ға жуық қызметкер жұмыс істейді. Компания тұтынушылық денсаулық сақтау, дженериктер және мамандандырылған препараттарға стратегиялық басымдық беретін денсаулық сақтау саласындағы жетекші әртараптандырылған жаһандық платформалардың бірі болып табылады.

Жақында STADA компаниясы қаржы жылының қорытындысы бойынша рекордтық табыс — 4,3 млрд еуро (өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға өсім) және түзетілген EBITDA-ның тарихи максимумы — 961 млн еуро болғаны туралы хабарлады.

STADA-ның бас директоры Питер Гольдшмидт былай деп атап өтті: «Біз мәміленің аяқталғанына қуаныштымыз. CapVest компаниясының денсаулық сақтау саласындағы терең сараптамасы, сондай-ақ біздің өршіл өсу жоспарларымызды қолдауға деген ұмтылысы стратегиялық міндеттерімізді іске асыру жолында маңызды артықшылық болады».

CapVest серіктесі Мэтт Фарджи былай деп толықтырды: «Біз мәмілені аяқтау жұмысының барысында, STADA командасы негізгі аймақтар мен бағыттарда — тұтынушылық денсаулық сақтау, дженериктер, биосимилярлар және инновациялық препараттар бойынша тұрақты өсім көрсетуді жалғастырды. Енді біз бірлескен амбициялық жоспарларымызды жүзеге асыру үшін белсенді түрде бірге жұмыс істей алатынымызға қуаныштымыз». Мәміле барлық қажетті реттеуші рұқсаттар алынғаннан кейін және жабудың стандартты шарттары орындалған соң аяқталды.

Маңызды ақпарат

Осы хабарламада қамтылған ақпарат қандай да бір кезеңдегі пайданың болжамы немесе бағасы емес және солай деп қарастырылмауы тиіс, сондай-ақ STADA қызметінің болашақтағы нәтижелерін бағалау үшін бағдар ретінде пайдаланылмауы керек. Осы хабарламада айтарлықтай тәуекелдер мен белгісіздіктерге байланысты болжамды сипаттағы мәлімдемелер болуы мүмкін. Нақты фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер, соның ішінде STADA-ның болашақтағы қаржылық позициясы, тәуекелдер мен белгісіздіктер, стратегия, күрделі шығындар, болжамды шығыстар, компанияның жоспарлары мен мақсаттары туралы мәлімдемелер болжамды сипаттағы мәлімдемелер болып саналуы мүмкін.

Мұндай мәлімдемелерге сілтеме жасау үшін «санау», «күту», «болжау», «мүмкін», «жоспарлау», «ниеттену», «болады», «керек», «бағалау», «тәуекел» және ұқсас тіркестер сияқты сөздер қолданылады. Табиғаты бойынша олар белгілі және белгісіз тәуекелдермен және белгісіздіктермен байланысты, өйткені олар болашақ оқиғаларға сілтеме жасайды және болуы, ия болмауы да мүмкін жағдайларға байланысты.

Болжамдық мәлімдемелер болашақ нәтижелердің кепілі болып табылмайды және оларға шектен тыс сенім артпау керек. STADA жаңа ақпараттың пайда болуына, болашақ оқиғаларға немесе өзге де жағдайларға байланысты мұндай мәлімдемелерді жаңарту міндеттемесін өзіне алмайды. Болжамдардың, мақсатты көрсеткіштер мен бағалаулардың орындалуына немесе негізділігіне қатысты ешқандай кепілдік берілмейді.

Осы хабарлама тек ақпараттық сипатқа ие және қандайда болсын юрисдикциядағы бағалы қағаздар эмиссиясының проспектісі, бұл оларды сату туралы ұсыныс немесе сатып алуға шақыру емес. STADA сайтының және кез келген байланысты сайттардың мазмұны осы хабарламаның бөлігі емес. Осы хабарламаны тарату заңнамамен шектелуі мүмкін;

Оған қол жеткізген тұлғалар мұндай шектеулермен өз бетінше танысуға және оларды сақтауға міндетті. Оларды сақтамау бағалы қағаздар туралы заңнаманы бұзу ретінде қарастырылуы мүмкін. Осы хабарлама аясында ақшалай қаражат немесе өзге де активтер сұралмайды және қабылданбайды.

Осы хабарламада 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 596/2014 Регламентке (ЕО) сәйкес жария етілгенге дейін инсайдерлік деп саналуы мүмкін ақпарат берілген.

CapVest туралы

CapVest Partners LLP — өз бизнесін трансформациялау үшін негізгі тауарлар мен қызметтерді ұсынатын амбициялық компаниялармен ынтымақтасатын private equity саласындағы жетекші халықаралық инвестициялық компания. Компания белсенді және ұзақ мерзімді инвестициялайды, менеджментпен тығыз өзара әрекеттесу және органикалық өсу және M&A мәмілелері арқылы портфельдік компанияларды масштабтау арқылы тұрақты нәтижелерді көрсетеді.

Негізгі салалар — денсаулық сақтау, күнделікті тұтыну тауарлары және өмірлік маңызды қызметтер.

STADA Arzneimittel AG туралы

STADA Arzneimittel AG — штаб-пәтері Бад-Фильбельде (Германия) орналасқан, тұтынушылық денсаулық сақтау, дженериктер және мамандандырылған препараттар — үш бағытты стратегияны жүзеге асыратын фармацевтикалық компания. Компанияның өнімдері әлемнің 100-ден астам елінде ұсынылған. 2025 қаржы жылының қорытындысы бойынша топтың түсімі 4 296 млн еуроны, ал түзетілген EBITDA көрсеткіші (тұрақты валютада) — 960 млн еуроны құрады. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша компанияда бүкіл әлем бойынша 11 670 қызметкер жұмыс істеді.

STADA сайттарында сайттың жұмысына әсер етпейтін кейбір cookie файлдары пайдаланылуы мүмкін. Біз оларды жеке пайдаланушылардың әрекеттерін бақылау немесе олардың кім екенін анықтау үшін емес, сайттардың қалай пайдаланылатыны туралы пайдалы мәлімет алу үшін қолданамыз. Бұл сайт жұмысын пайдаланушыларға ыңғайлы етуге көмектеседі. Cookie файлдарын пайдаланатын жүйелерден алынған білім бізге тиісті қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді. Келушінің веб-сайтты пайдалануы туралы ақпарат STADA Arzneimittel AG тобының басқа компанияларына берілуі мүмкін. Cookie файлдарын жою немесе басқару туралы ақпарат мына сайтта қолжетімді:

aboutcookies.org