STADA Kazakhstan
STADA және Church & Dwight компаниялары Еуразия елдерінде тұтынушылық денсаулық сақтау тауарларының брендтерін іске қосу туралы келісімге қол қойды
STADA компаниясы Еуразия өңірінің тоғыз елінде Church & Dwight компаниясының CHC және FMCG брендтерін ұсынады. Өңірдегі алғашқы ел Грузия болды, онда HERO және TROJAN өнімдері 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап сатылымға шықты.
Өзінің сенімді серіктес болу миссиясын басшылыққа ала отырып, STADA Еуразия аймағындағы тұтынушылық денсаулық сақтау брендтерінің портфолиосын Hero, Trojan және Batiste сияқты көпшілікке танымал әрі сенімге ие болған брендтермен айтарлықтай нығайтуда.
Қуаныш Оспанов, STADA компаниясының Еуразия өңірі бойынша вице-президенті: «Church & Dwight-пен жасалған келісім – STADA Eurasia-ның таңдаулы серіктес бола алатынының тағы бір дәлелі. Біз Еуразия нарығына сенеміз және CHC бағытының одан әрі өсуі үшін зор әлеуетті көріп отырмыз».
Алматы, 2026 жылғы 20 сәуір – STADA компаниясы бүкіләлемдік деңгейде танымал брендтер портфолиосының иесі – Church & Dwight (C&D) компаниясымен стратегиялық келісім жасасу арқылы Еуразиядағы өз позициясын нығайтуда. Келісім аясында STADA Еуразия өңірінің тоғыз елінде C&D компаниясының бірқатар танымал тұтынушылық брендтерін іске қосу, қолдау және тарату міндеттемелерін өз мойнына алады. STADA компаниясы C&D өнімдерін алғашқы болып Грузия нарығына ұсынды. Келісімде қамтылған өзге елдерде C&D өнімдері 2026 жылдың ішінде сатылымға шығады.
Келісім өзін жақсы жағынан ұсынған алты брендті қамтиды. Олардың ішіндегі негізгілері: Batiste (құрғақ сусабын), Hero (безеуге қарсы патчтар) және Trojan (мүшеқаптар). Бұл танымал брендтер STADA компаниясының CHC жергілікті портфолиосын тамаша толықтырып, оның тұтынушылық денсаулық сақтау сегментіндегі ұсынысын нығайта түспек.
STADA-ның жауапкершілік аймағына дәстүрлі дәріханалар, бөлшек сауда және онлайн сату арналары арқылы өнімдерді жергілікті маркетингтеу және ілгерілету кіреді.
«Church & Dwight компаниясымен жасалған келісім – STADA Eurasia-ның таңдаулы серіктес екенінің кезекті дәлелі. Біздің Еуразиядағы бөлімшеміздің STADA нарықтарының ішінде C&D брендтерін бірінші болып ұсынуы мені ерекше мақтанышқа бөлейді. Біз еуразиялық нарықтардың әлеуетіне сенеміз және CHC сегментін одан әрі дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер көріп отырмыз», – деп атап өтті STADA компаниясының Еуразия аймағы бойынша вице-президенті Қуаныш Оспанов.
Church & Dwight компаниясының өңірлік директоры Кристос Гьюрас былай деп атап өтті:
«Біз STADA компаниясымен серіктестік арқылы Еуразия елдеріндегі жаңа тұтынушыларға өзіміздің танымал брендтерімізді қуана ұсынамыз. STADA компаниясы біздің жетекші брендтерімізді осы перспективалы әрі серпінді нарыққа сәтті шығаратынына сенімдіміз».
Сондай-ақ болашақта келісім C&D компаниясының басқа да қолданыстағы және жаңа брендтерімен толықтырылуы мүмкін деп жоспарлануда.
STADA компаниясы туралы
Германияның Бад-Фильбель қаласында орталық кеңсесі орналасқан STADA Arzneimittel AG компаниясы үш басты бағытқа негізделген стратегияны іске асырады: Consumer Healthcare өнімдері, дженериктер және арнайы фармацевтикалық препараттар. Компания өнімдері әлемнің 100-ден астам елінде сатылады. 2025 қаржы жылында STADA компаниясы түзетілген топтық кірісті 4,3 миллиард еуроға және тұрақты валютадағы пайыздар, салықтар, тозу және амортизация шегерілгенге дейінгі түзетілген пайданы (adj. cc EBITDA) 961 миллион еуроға жеткізді. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша компанияның дүниежүзі бойынша қызметкерлер саны 11 749 адамды құрады.
Church & Dwight компаниясы туралы
1846 жылы негізі қаланған және орталық кеңсесі Нью-Джерси штаты, Юинг қаласында орналасқан Church & Dwight Co., Inc. (NYSE: CHD) компаниясы — сату көлемі 6,1 миллиард АҚШ долларын құрайтын және S&P 500 индексіне енетін ірі компания. Компания ARM & HAMMER®, TROJAN®, OXICLEAN®, FIRST RESPONSE®, NAIR®, ORAJEL®, BATISTE®, WATERPIK®, ZICAM®, THERABREATH/THE BREATH CO® және HERO® сияқты танымал брендтермен әйгілі жеке гигиена, тұрмыстық химия және мамандандырылған өнімдердің кең спектрін өндіріп, сатады.
