STADA Kazakhstan
STADA-ның Еуразия өңірінде жаңа басшы
Қуаныш Оспанов STADA Eurasia компаниясының вице-президенті болып тағайындалды. Ол бұл қызметте өңірді бес жылдан астам уақыт бойы басқарған Арминас Мацевичустың орнын басты. STADA рецептсіз берілетін дәрілік заттар мен тұтынушылық денсаулық сақтау тауарлары сегментіндегі көшбасшылығын нығайтуды, сондай-ақ дженериктер мен мамандандырылған препараттар саласындағы позициясын күшейтуді жалғастыра береді.
2026 жылғы 16 ақпан – Алматы. STADA компаниясы Еуразия өңірінің жаңа басшысын тағайындады. Бұл лауазымға халықаралық фармацевтикалық компанияларда, соның ішінде Sanofi және Haleon-да басқарушылық позицияларда айтарлықтай тәжірибесі бар Қуаныш Оспанов келді.
Қуаныш Қазақ экономикалық университетін «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша бітірген, сондай-ақ Rochester Institute of Technology университетінің менеджмент және бизнес әкімшілендіру саласындағы бакалавр дәрежесіне ие.
STADA компаниясында Қуаныштың алдында тұрған негізгі міндеттер, бұл компанияның CHC және OTC сегменттеріндегі көшбасшылығын одан әрі нығайту, сондай-ақ дженериктер мен мамандандырылған дәрілік заттар (соның ішінде биосимилярлар) нарығындағы позициясын күшейту.
«Соңғы бірнеше жылда STADA өңірде дамудың әсерлі жолынан өтті. Мен осы мұраны еселеуге және өз үлесімді қосуға қуаныштымын. STADA-ның кәсіби командасымен бірге Еуразия алдағы жылдар бойы компанияның тұрақты өсуін қамтамасыз ететін негізгі өңірлердің бірі болып қала беруі үшін, адамдардың денсаулығына қамқорлық жасай отырып және денсаулық сақтау жүйесінің сенімді серіктесі бола отырып, бар күш-жігерімді жұмсаймын», - деп атап өтті Қуаныш.
STADA компаниясы Арминас Мацевичусқа Еуразия өңіріндегі компанияны бес жылдан астам уақыт бойы тиімді басқарғаны, 2023-2025 жылдар аралығында бизнесті іс жүзінде екі есе арттырғаны және тұрақты нәтижелерге қол жеткізгені үшін алғыс білдіреді.
STADA – 130 жылдан астам уақыт бойы серіктестерімен және тұтынушыларымен сенімді қарым-қатынас орната отырып, адамдардың денсаулығына қамқорлық жасау миссиясын адал атқарып келе жатқан халықаралық фармацевтикалық компания. STADA қызметінің негізгі бағыттары – Consumer Healthcare (CHC) сегментіндегі өнімдер, дженериктер және мамандандырылған препараттар (соның ішінде биосимилярлар).
STADA өнімдері әлемнің 120 елінде ұсынылған.
2022 жылы ТМД елдерінің аймағы дербес бизнес-бөлімшеге айналып, атауы «Еуразия» деп өзгертілді және ол тікелей Германиядағы штаб-пәтерге бағынатын болды. «Еуразия» аймағының бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Компания сонымен қатар өңірдің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда STADA Arzneimittel AG заңды тұлғаларын тіркеді. 2023 жылғы 1 сәуірден бастап STADA «Еуразия» өңірінде Sanofi компаниясының рецептсіз берілетін препараттар портфелін ұсынады. «Еуразия» өңіріндегі STADA компаниясында 500-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.
